Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)
Актриса Айсұлу Әзімбаева Еуропа мен Ресейдегі ең биік шыңды бағындырды.
Фото: instagram.com/strangeice/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сүйіктісі Жандос Айбасовпен айырылысқалы актрисаның өмірі күрт өзгерген-ді. Әзімбаева өзіне ота жасатып, шетелде денсаулығын қалпына келтірді. Мұнымен қатар, небәрі екі аптаның ішінде екі шыңды бағындырып үлгерді. Бірі – Алматы қаласында орналасса, екіншісі – Кавказдағы Эльбрус шыңы.
Шыңды бағындыруға актриса велосаяхатшы Мағжан Сағымбаевпен бірге барған.
“Түрімнің қорқынышты екенін білемін! Бетіме күннен қорғайтын май жақсам да, күйіп кеттім. Мұнымен қатар, жел де болды. Жоғарыда қатты суық болды. Құдайға шүкір, үстіміздегі заманауи киімдердің арқасында мұздаған жоқпыз. Өзімізді моншада жүргендей сезіндік. Бірақ айтайын дегенім бұл емес.
Сіздермен алған әсеріммен бөліскім келеді. Эльбрус Гималай таулары секілді тропикалық аймақта орналаспаған. Сондықтан бұл жерде ауа райы өте суық. Таулар бізді жылы қарсы алып, шыңды бағындыруға 10 метр қалған кезде тас төбемізден күн шықты.
Таудың биік нүктесіне шыға салысымен, Высоцкийдің өлеңін айттық. Қайтарда бізді тұман шығарып салды. Мен өз көзіме өзім сене алар емеспін. Жанымда жүрген Мағжанға да. Осы шыңды бағындыруыма тілекші болған жандарға алғыс айтамын”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.
Актриса мұнымен тоқтамақ емес. Өмірін тауға өрмелеуге арнамаса да, өзінің әлі де талай шыңды бағындыра алатынына сенімді.
Простите, не выдержала. Мои вам пожелания, любимые!
Видео опубликовано Aissulu Azimbayeva (@strangeice)
Эльбрус – Еуропа мен Ресейдің ең биік нүктесі. Оның теңіз деңгейінен биіктігі – 5642 м. Ол әлемнң ең биік “Жеті шыңының” қатарына кіреді.
Жіберіп алмаңыздар:
Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр
Актер Жандос Айбасов халыққа жаңа сүйіктісін таныстырды (фото)
Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы
Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары