Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткіге әуестенгенін айтып берді

Айсұлтан Назарбаев Facebook қолданушыларын таңғалдырды. Ол нашақорлықпен күресетін қайырымдылық қорын ашпақ ниетте.

news1488276963

Айсұлтан Назарбаев айналасында нашақорлықтан зардап шеккен адамдардың көп екенін айта келе, оларға қол үшін беретінін ашық айтты.

Ол нашақорлықпен күресетін қайырымдылық қорын ашуды жоспарлап жүр.

“Қоғамдағы нашақорлық – бұл әлеуметтік мәселе. Ал, адамдар үшін қауіпті ауру. Бастапқыда әлем кереметтей болып кеткен секілді болады. Бірақ бұл тек бастапқыда ғана. Есірткі адам ағзасына тарап, ішкі мүшелерге өтеді. Қауіпті дертке апарады. Ауруы асқынғандар ажал құшып жатады”, – деп жазады Айсұлтан Назарбаев желідегі парақшасында.

«Атам, академик Мұхтар Әлиев көз жұмған соң бір жарым айдан кейін әкем Рахат Әлиев тұрмеде асылып өлді. Ел мені бақытты бай баласы деп ойлайтын. Ал маған бұл екі қаза ауыр соққы болды. Мені отбасым қолдады. Әсіресе, атам Нұрсұлтан Назарбаев көңіл бөлді. Күндіз  17 млн адамның мәселесін шешіп, кешке тек бір немересінің қас-қабағына қарайтын. Ал мен қайғымды жеңе алмай әлсіздік танытып, есірткіден рахат табуға тырыстым», – деп жазады ол.

«Бұл ауруды тек ерік-жігермен жеңу мүмкін емес. Оған қарсы дәрі де әлі шығарылған жоқ. Нашақорлықпен күресу – игі іс. Ал, нашақорлармен күресу бұл – қылмыс», – деп жазады Айсұлтан.

«Осы орайда нашақорлықпен күресетін қор құруды ойластырып жатырмын. Қазір тәжірибелі мамандар іздеу үстіндемін. Маған нәтиже шығара алатын адамдар керек. Осы дертпен ауыратын әрбір адамға көмектесуге тырысамын», дейді Айсұлтан Назарбаев.


Талқылау