Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Жұрт айтса айтсын, өзімнің басым бар

Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек елдің ашуына тиген әрекетіне түсініктеме берді. Ол итіне SPA-салон іздегені туралы әңгімелеп берді.

айса_13

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Үй жануарларына арналған SPA-салондар Еуропа мемлекеттерінде бұрыннан бар. Алайда хайуанаттарды аулада асырайтын қазақ үшін бұл таңсық дүние. Соған қарамастан, жуырда Айсәуле Бақытбек итіне түрлі процедуралар жасайтын салон іздеп, желідегі оқырмандарынан көмек сұрады. Есентаеваның қызы көпшіліктің өзіне тап беретінін күтпесе керек-ті. Ол өзін сынға алғандарға жауап берді.

“Қатты қымбат болса бармайтын шығармын. Себебі адамдар не ойласа да, не айтса да, менің басым бар. Итімнің ит екенін білемін. Сондықтан да оған 100 мыңдап немесе 10 мыңдап ақша жұмсағым келмейді. Ол үйде отыра береді. Маған массаж жасап бер деп айтпайды. Ол мені SPA-салонға апар деп айтпайды. Не ойласа да ойлай берсін. Өзімнің не істеп жүргенімді өзім білемін. Және де жаман нәрсе істедім деп ойламаймын. Мен LA-ге соншама ақша жұмсап жатқан жоқпын”, – дейді Айсәуле.

Жіберіп алмаңыз:

Айқын мен Гүлназдың махаббат хикаясы тыңдармандарды жылатып жіберді (видео)

Қытай Димаш Құдайбергеновке «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді (фото)

Динара Бақтыбаева не себепті құрбысының жігітімен төсектес болғанын түсіндірді

Мөлдір Әуелбекова: Мейрамбек ағаға ғашық көзбен қарауға қиналдым

Талқылау