Айсәуле Бақытбек: Жігітім маған қалай төзіп жүр екен
Айсәуле Бақытбек инстаграм желісінде кезекті жазбасын бөлісіп, жігітінің шыдамды мінезіне қайран қалып жүргенін жеткізді.
Сурет: Айсәуле Бақытбектің жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қалай ойлайсыздар? Оның маған төртінші жыл қатарынан төзіп келуіне не себеп болып отыр? Сіздер үшін мінсіз қарым-қатынастың құпиясы неде? Меніңше, ең бастысы сенім. Ол әзілқой жігіт. Екеуіміз бірге болған кезде тоқтамай күле береміз. Қандай әнге билегенімізді тауып көріңіздерші. Уақытым болғанда осы видеоны салармын”, – дейді Айсәуле Бақытбек.
Желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі бойжеткенді жақтап, оған бақыт тілесе, енді екіншілері оның сүйіктісін қарияға теңеді. “Шал ғой мынауың”, “Ал сен оған қалай шыдап жүрсің? Ол ата немесе шал сияқты ғой. Қорқынышты ғой. Сіздің анаңыз оған қалай шыдап жүр?”, “Қаншама негатив! Халқым, сендердің одан қай жерлерің артық?”, “Бақытты адам осы жерде отырып алып біреудің жеке өміріне араласпайды. Адам біреуге айтып, жазбас бұрын, бірінші өзіне қарап алуы керек. Жұлдыз болса да, не істесе де өз еркі емес пе? Өз өмірлеріңізді сүріңіздер. Ұнамаса, қарамаңыздар. Жүйкені тоздырудың не қажеті бар?”, “Қай жері әдемі? Қу түлкі сияқты. Баянның қызы өзін тек жеңілтек қылып көрсеткеннен басқаны білмейді” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Ибрагимов соңғы кездері келіншегін жұрттан жасыруының себебін түсіндірді
Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)
Қытайлықпен дуэт айтқан Димаш ән байқауында оған 1-орын алып берді (видео)
Ақбота Керімбекова: Ұлым қазіргі күйеуімді туған әкесі деп ойлап жүр