Айсәуле Бақытбек: Бар болғаны Айсәулемін, басқа ешкім емеспін
Айсәуле Бақытбек желіде кезекті жазбасымен бөлісіп, оқырмандарына жан айқайын жеткізді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Кейде мені ақылымнан адастырып, менің тәрбие туралы түсінігімді жермен жексен етсеңіздер де, өз оқырмандарымды өте жақсы көремін. Сіздерге «ұнаған жарияланымдарда» танымал қыздардың жартылай емес, түгелдей жалаңаш бөксесі көрінсе де, мен инстаграмды жақсы көремін. Өйткені мен үшін құпия болып қалған фолловерлер мен (1-шісі лайк баспайтын және пікір жазбайтындар, 2-шісі лайк баспаса да, қызу талқыға кірісіп кететін хейтерлер) шынында да тұрарлық дүние жазатын адамдардың арасында үлкен айырмашылық бар, кейбіріңіздің арқаңызда мен әлі де Бізге сенемін.
Желідегі қоқыстың арасынан ерекше, армандағыш, саяхаттағанды ұнататын тұлғаларды тапқаным үшін жақсы көремін. Ал келіңіздер танысайық. Жазбағаныма көп болыпты, құдды саусақтарымды шығармашылыққа мәжбүрлейтін сол бір от сөніп қалғандай. Бәлкім қолыма сіріңкені алып, бірдеңені өзімнің жағатын уақытым келген шығар.
Менің есімім – Айсәуле, мен сәнбике емеспін, әнші де, журналист та емеспін. Мен өзін-өзі іздеп жүрген және өзін жақсы көруді үйреніп жүрген қарапайым адаммын. Жуырда үлкен бір жобаға шақырту алдым. Сонда мені елмен таныстыратын кезде: «Сізді кім деп таныстырайық?» – деп сұрады. Мен болсам: «Жай ғана Айсәуле десек бола ма?» – дедім. Бірақ бізде ол ерсі көрінеді. Бізде әркім өзіне атақ қосып алғысы келеді.
Ешкімді сынамаймын, өз мақсаттары мен жетістіктері бар адамдар үшін қуанамын, алайда өзім ештеңеге қол жеткізген жоқпын. Әңгімені басқаға бұрып жіберіппін. Сонымен, мен Айсәулемін, жақында 21-ге толамын. Мен заңгер де, педагог та емеспін, менің, тіпті жеке салоным да жоқ. Ал сіз өзіңізді қалай таптыңыз? Жалпы іздедіңіз бе?” – деп оқырмандарына сауал тастады Айсәуле.
Одан кейін Есентаеваның қызы өзінің итін ұнатпайтындарға парақшасынан шығып кетуді “бұйырды”.
Жіберіп алмаңыз:
Тәуекел Мүсілім “қалталы көкесінің арқасында танылды” деп сынайтындарға жауап берді
Әкесі: Димаштың жұрт білмейтін 20 шақты әні бар
Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ
Ләйлә Сұлтанқызы өзін “топас” деп кемсіткен бойжеткенді орнына қойды