Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Жүкті екенімді білген соң, енем күйеуім мен достарымды вакцина алуға мәжбүрледі

Айсәуле Бақытбек үнемі оқырмандарын вакцина салдыруға, сол арқылы жақындарын вирустан қорғауға шақырады. Алайда танымал бикештің өзі коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған болып шықты. Оған себеп – Айсәуленің жүктілігі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Отбасымызда барлығы вакцина алды деп айтып жүрген кезде, ел "сен вакцина салдырдың ба?" деп сұрап жүрді. Бұл сұрақтан барынша қашуға тырысатынмын. Себебі жүкті екенімді айта алмадым", – дейді Айсәуле ағынан жарылып YouTube-та жариялаған видеосында.

Бақытбекқызы дәл вакцина салдыратын күні аяғының ауыр екенін білген. 



"Өкінішке қарай "Спутник" және "QazVac" вакциналарын аяғы ауыр келіншектерге салуға болмайды. 

Сондықтан, жоқ, мен екпе салдырмадым. Қазан айында келетін "Pfizer" вакцинасын күтудемін. Ол жүкті келіншектер мен балаларға рұқсат етілген", – дейді Айсәуле.

Айсәуленің енесі Диляра Қайдарова – жоғары санатты онколог-дәрігер. Ол келінінің жүкті екенін біле салысымен, ұлы мен олар жиі кездесіп тұратын достарын вакцина алуға мәжбүрлеген. 

"Вакцина салдырыңыздар дегім келеді. Білмейтіндер болса, біздің анамыз – дәрігер. Ол кісі екіқабат екенімді білгенде, күйеуімді ғана емес, бізбен араласатын достарымызды да вакцина алуға мәжбүрледі. Қазіргі уақытта мен адам көп жиналатын жиындарға бармауға тырысамын", – деді Айсәуле. 

Айта кетейік, осы видеода Айсәуле Бақытбек 2 жыл бала көтермеуінің себебін түсіндірді.

Талқылау