Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Қарақат мектеп, Жазира салон ашты. Ал мен ше?

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева дағдарыстан шығудың түрлі амал-айласын ойластырып, ақырында журналист болуды қолға алған. Ол Айгүл Иманбаева, Қарақат Әбілдина, Жазира Байырбекова, Алтынай Жорабаева секілді белгілі бір кәсіп түрімен айналысудың қиынға соққанын айтып жатыр.

image

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда қасиетті Меккеге барып, Алла алдындағы парызын өтеп қайтқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева дағдарыстың әсері өзіне де тиіп жатқанын жасырмайды. Соңғы кезде бір-бір кәсіптің тізгінін ұстаған құрбылары секілді іскер әйел атануға ниеттеніп жүрген секілді. Бірақ, білім алып, тәжірибе жинаған мамандығы журналист болғандықтан, бұл қиынға соғып жатқан-ды.

“Дағдарыс деген осы екен деп біраз адам дағдарып қалды өзі. Немен айналысатынымызды білмей кеттік. Қарақат мектеп ашты, Айгүл театр ашты, Алтынай сұлулық салонын ашты, Жазира да қалыспай біреуін ашып алды. Одан маған атака басталды, “Осылай сандалып жүре бермей бірдеме ашып алсаңызшы” деген. Мен ойлана бастадым, не ашсам екен деп. Күндіз инстаны 100 рет ашамын, түнде тоңазытқышты 100 рет ашамын.  Сонымен қарап жатпайын деп шештім. Бизнес қолдан келмеді. Мамандығым журналист қой о баста. Не болса сонымен айналыспай жұртқа пайдам тиетін бірдеме болса”, – деп айтыскер ақын басқа салаға ат басын бұрудың қиынға соғатынын айтып өтті.

Күтпеген жерден отандық арналардың бірінен шақырту келіп, бірден жұмысқа қабылдапты. Айнұр Тұрсынбаева енді көрермендермен қызықты бағдарламада қауышпақ.

“Мың ойланып, мың толғанып жүргенде Хабардан шақырту келдi. Сөйтiп Ринат Кертаев мырза бірден жұмысқа алып, осы отырғанда Хабардың білдей бір жүргізушісімін. Жүргізуші болғанда да уақыт өткізу үшін жүре бермеймін, сіздермен ақылдасатын боламын. Отбасылық, жеке бастың мәселесі емес, жалпы сіздерді не толғандырады?! Қандай сұраққа жауап алғыларыңыз келеді? Сол туралы әңгімелесетін боламыз”, – деп айтыскер ақын сұрақтар болса, жолдап отыруды сұрады. ЭКО тақырыбында материал әзірлеп қойғандығын да айтып өтті.

Аталған ұсыныстың Айнұр Тұрсынбаеваға қаншалықты табыс әкелетінін белгісіз. Десе де, айтыскер ақын ең бастысы халыққа пайдалы әрі тұщымды дүние ұсыну екенін айтады.


Оқи отырыңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

Қарсыласы Айнұр Тұрсынбаеваны “кобраға” теңеп ұялтты

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау