Айнұр Тұрсынбаева ер адамдардың қандай әйелдерге ынтық болатынын айтты
«Айтыстың аққуы» атанған Айнұр Тұрсынбаева желідегі оқырмандарына үнемі ой салып отырады. Ол әртүрлі өмірлік ситуацияларды мысалға келтіре отырып, адам ретінде жақсара түсу үшін қандай амалдарға бару керектігі жайында ой бөліседі. Бұл жолы ол энергиясы арқылы өзіне барлық адамдарды қарата алатын және керісінше адамдарды өзінен қашырып алатын әйелдер жайын сөз етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Адам энергетикасының күшін керемет магнит деп айтуға болады. Әсіресе әйел энергетикасы. Мысалы бір әйелдер болады, үнемі жадырап жүреді, той-томалақ болса соның қақ ортасында жұрттың бәрінің көңілін көтереді. Билейді, күледі, ән салады. “Осы сен шаршамайсың әйтеуір” деп жатамыз ғой. Мұндай әйелдердің тартылыс күші керемет! Олармен кездескің келеді, сөйлескің келеді, тіпті вечер жасағанда олар келмей қалса кеш түк те қызық болмай қалады. Олар қиналса да білдірмейді, мойымайды, сынбайды. Ал егер сіз тез шаршайтын болсаңыз, көп ұйқыңыз келе беретін болса сізде энергия тапшы. Сәл мұңайсаңыз өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Тез жеңілесіз. Сіз өзіңіз байқай бермейтін де боларсыз, бірақ бәрі сізден қашады. Себебі сіз маңайыңызды шаршатасыз. Сізде позитив жоқ! Сізде энергия жоқ!
Мысалы екі стақанда су тұр. Біреуі лық толып төгілейін деп тұр, біреуі жарты стақан ғана. Қайсысын ішеді жұрт? Әрине лық толыны. Жарты стақан судың ыдысы мың жерден әдемі болса да, xрусталь болса да, әдемі тастармен көмкерілген болса да шөлдеген адам оған қарамайды. Яғни, қанша әдемі, сымбатты болсаңыз да тасып тұратын энергияңыз болмаса бәрі бекер.
Энергия тапшы әйелден еркектер алыстағысы келіп тұрады. Энергияны қайдан аламыз?! Табиғаттан, судан, күннен, баладан, қуанышты сәттерден, спорттан аламыз. Ал еркектер энергияны тек қана әйелден алады! Сондықтан энергиясы мол әйелдің күйеуінің жолы болғыш келеді. Ал ренжу, мұңаю, жылау, ұрысу энергияны құртады. Депрессия барлық күш жігеріңізді сорып алады. Әсіресе ер адамға жиі ренжитін әйелдерде энергия дефицит болып тұрады.
Ренжіп келе жатсаңыз дереу шомылыңыз! Салқын суды көбірек ішіңіз. Энергияңызды үнемдеңіз! Керісінше жинаңыз. Көңілді жүретін адамдармен жиірек кездесіп энергия жинаңыз. Қонаққа шақырса “ойбай шаршап тұрмын” демеңіз! Шақырған жерден қалмаңыз! Күйеуіңіз не айтса да мақұлдаңыз! Ерінбеңіз! Далаға көбірек шығыңыз. Душқа түскенде судың астында қимылсыз көп тұрыңыз… Үйде тек күліп жүріңіз. Балаларыңызды көбірек сүйіңіз, қүшақтаңыз. Сізде бәрі жақсы болады. Өмір керемет! Тек қана алға!» – деп жазады Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның аталған жазбасы желіде қызу талқыға салынды. Оған 20 мыңға жуық адам лүпіл қойып, 1000-ға жуық пікір қалдырылған.
Жіберіп алмаңыз:
Бейонседен авторлық құқықты бұзғаны үшін 26 млн доллар талап етуде
Алматыда Баян Есентаевамен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото, видео)
Ерлан Орынбасаров өз отбасын өзі ойрандаған жұлдызды сынады
Гүлзира Айдарбекова хан сарайындай үйін көрсетемін деп сынға ұшырады