Айнұр Тұрсынбаева: Біреудің баласын жамандауды доғарыңыздар
Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында кезекті жазбасымен бөлісті. Айтыскер ақын ғайбаттың ең жаман түрі жайында әңгімелеп берді. Сөз соңында өзгенің баласына жамандық емес, тек жақсылық тілеуге шақырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тұрсынбаеваның айтуынша, өзгенің баласына не тілесең, сол нәрсе өз балаңның алдына келеді.
«Ғайбаттың ең ауыры, ең жаманы баланы жамандау екен. Мысалы “бәленнің қызы нашар екен,”бәленнің ұлы ішеді екен” деп айтатын болсақ екі иықтағы періштелер “сенің де балаң сондай болсын” деп тұрады екен. Ал керісінше “ана баланың ақылдысын~ай”, ана қыздың тәрбиесін-ай” деп жақсы жағын көре алсақ, періштелер “сенің де ұрпағын сондай болсын” деп дұға жасап тұрады екен. Біреудің келінін, күйеу баласын жамандасаңыз да өзіңізге қайтып келеді. Яғни, өзіңнің балаң қандай болғанын қаласаң жұрттын баласына да соны тілеуіміз керек. Кейде таныстарын жамандап келе жатып өсек таппай кетсе баласына көшіп кететіндер де болады ғой. Қандай жиіркенішті әдет. 18 мың ғаламды 6 кунде жаратқан құдіретті Алла бәрімізге иманды, саналы ұрпақ нәсіп етсін!» – деп жазады ол.
Ақынның аталған жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Желі оқырмандары пайдалы кеңесі үшін Тұрсынбаеваға алғыс айтумен болды.
“Кейде ауыз құрғыр айтып қоямыз, енді айтпайтын болдық”, “Керемет ақыл болды, рахмет көп-көп”, “Өте дұрыс айттыңыз, кейде ішімізге сыймай”, “Білмеппін, рахмет пайдалы кеңесіңіз үшін”, “Осындай әңгімелеріңізді сала беріңізші, білмегенімізді білейік, қатемізді түзейік”, “Пендеміз ғой, ондай қателіктер бар”, – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева өзіне тап берген бойжеткен туралы айтып берді
Айсәуле Бақытбек енді күшігінің тырнағына маникюр жасата бастады (фото)
Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған
Сәкен Майғазиевтің жетімдерге арнаған бейнебаяны көпшіліктің көзіне жас келтірді (видео)