Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева 2 000 теңгеге бола өзі сенбейтін ырымды жасаған күндерін еске алды

Айнұр Тұрсынбаева желіде қызықты жазбасын бөлісіп, студент кезінде 2000 теңгеге бола баланың аузына түкірген күндерін еске алды. Бір қызығы, айтыскер бұл ырымды жасаса да, оған өзі сенбейді екен.

Сурет: Айнұр Тұрсынбаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бісміллә деп Ақтауға қанат қағайын деп отырмын… Қыздармен кездесуім бар. 3 қызды ұзатамын, 10-15 баланың тұсауын кесемін… Айтпақшы, сіздерден сұрайыншы… Осы сәбидің аузына түкіру деген ырымға сенесіздер ме? Менен жиі сұрап жатады, түкірмеймін десем қашқандай боламын, түкірейін десем ұят. Не істерімді білмей тұрып қаламын… Осыдан 20 жыл бұрын бір құрбымның жеңгесі қыз туып соның аузына түкіріп бер деп артымнан қалмады… Қыздарының бәрі жуас, сөзге жоқ екен…

Еще 2 мың теңге береміз деді… Ақша жоқ, жалаңаяқ студентпін… Құрсын, түкірікті аяймын ба, тфай-тфай деп ырымын жасап, 2 мың теңгені қағып алдым… Тойғанша пигоди жеп мәз болғанмын… Құдая тоба, сол қыз шынымен сөзге пысық, бүкіл концерттің арасында жүреді, өзім сияқты қақшаңдап тұр…  Немеремнің тілі шықпай жүр деп бір әже сонау Шымкенттен іздеп келіп түкірткен кез де болған… Бір тойда бір апа немере қызын әкеліп, мен ырымын жасайын деп жатқанда келіні кеп қалып, “қызымның бетіне неге түкіресің” деп шатақ шығарып қызық болған Өзім мүлде сенбеймін және түкірмеймін Сіздер қалай ойлайсыздар?” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскердің өзі сенбесе де, желідегі достары бұл ырым-тыйымдарға сенеді екен. “Рас, сенемін. Кіндік шешеге бала тартады. Мені екі орыс босандырған еді, кіші қызым соларға ұқсап кетті. Ол дәрігерлер мықты болатын. Қазақ мектебіне бергеніме қарамастан, ана тілінде жарытып сөйлей алмайды. Үйде, балабақшада қазақша оқыса да, ақыры дүбара болды қызым”, “Түкіріңіз ырымын жасап. Сіз сияқты ақын болады. Ол енді рас”, “Неге сенбейсіз? Ол ырым міндетті түрде орындалады. Сену керек” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан атынан “Оскарға” ұсынылатын кинокартина белгілі болды

Төреғали Төреәлі концертінде Қайрат Нұртас секілді шоу жасамайтын болды

Экс-депутат Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады

Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты

Талқылау