Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Ілиясова Ауғанстанда тұратын әкесін қалай іздеп тапқанын әңгімеледі

Актриса Айнұр Ілиясоваға бір қараған адам оның ұлтын ажырата алмайды. Көрермен оны бірде дүнген қызына, екіншіде ұйғыр өкіліне ұқсататын. Алайда шын мәнінде Айнұрдың әкесі ауған, ал анасы қазақ. “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында Айнұр Ілиясова Ауғанстанда тұратын әкесін қалай іздеп тапқанын әңгімелеп берді.

Айнұрдың анасы ауған жігітімен Ташкентте білім алып жүрген кезінде танысқанын айтты. Екі жастың ортасында махаббат сезімі тұтанып, соның нәтижесінде Айнұр дүниеге келген. Алайда көп ұзамай Айнұрдың анасы оған тұрмысқа шыға алмайтынын, бір шаңырақтың астында тұра алмайтынын түсінген.

“Әкем Ташкентте оқыған, негізінде ауған азаматы. Мен есейген кезде анамнан “Әкемді тапсам қалай болады?”,- деп өтіндім. Ол кісі: “Сенің өмірің, іздесең ізде”, – деді. Мен 16 жаста едім. 24-те нақты өзіме серт қойып, әкемді таптым.

Қазақта жеті атасын, тегін білу керек деген бар ғой. Бұл – біріншіден. Екіншіден, егер ол адам бұл өмірде бар болса, неге оны таппасқа?! Адам бұл өмірде өмір сүрмей о дүниеге аттанып кетсе, әрине таба алмайсың. Бар болса, табасың.

“Мен бұл қара жерді басып жүрген адам болса табам”, – деп өзіме-өзім сөз айтып, таптым. Тапқаннан кейін өзіме деген сенімділігім он есе артып, қанаттанып, күшейе түскендей болдым”,- деді ол.

Айнұр Ауғанстанда тұратын әкесін іздеу үшін “Бармысың, бауырым” бағдарламасына да жүгінген. Бұл ретте актриса әкесін қалай іздеп тапқанын әңгімелеп берді.

“Ең алғашқы сөзім: “Иә, мен оны таптым!” деген сөз болды. Мен оның бұрын оқып жүрген жеріне жаздым, курстастарына жаздым, университетке жаздым. Отызына жазып, бесеуі білмейміз деді, біреуі білемін деді. Тағы біреуі иә білемін, араласамын деді. Сөйтіп белгілі бір адамдар арқылы әкем табылды.

Оны осы Алматыға шақыртып, он күндей қонақ қылып, ет асып қазақша, Алматыны көрсеттім. Риза болып кетті. КСРО кезінде тәрбиеленген адам болғандықтан, орысша сөйлестік. Кейін ол өкіне бастады: “Ал енді сен мені таптың, менің жүрегім ауыратын болды ғой. Ары қарай қайтіп өмір сүремін?!”,- деп. Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы, қазір араласамыз. Өзімнің психологиямда жанұяның моделі қалыптасқан сияқты болды, бәріне ризамын. Шүкір деймін”, – деді Айнұр.

Ілиясованың айтуынша, оның әкесі Асхаттың Ауғанстанда өз отбасы, бала-шағасы бар. 8 бауырының бар екенін білген актриса Ауғанстанға баруға құмартпайтынын атап өтті.

“Балалары маған ұқсайды. Әсіресе, үлкен қызы. Менен екі жасқа ғана кіші. Тек бойы кішілеу және арық, әйтпесе тура мен”, – деп бөлісті актриса.

Жіберіп алмаңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа жеке концертінің билеттерін тегін таратуда (видео)

Тәуекел Мүсілім «Брат или брак» картинасына түсуден ат тонын неге ала қашты?

Әлішер Кәрімов болашақ жарын бейнебаянға түсірді (видео)

Мәдина Сәдуақасованың күйеуі оның Төреғалимен дуэт айтуына қарсы болған

Талқылау