Аймағамбетов: Ата-аналар балаларын маскамен өздері қамтамасыз етсін
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифинг барысында кезекші сыныптағы балаларды маскамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

Министр мемлекет кезекші сыныптағы оқушыларды маскамен қамтамасыз етпейтінін айтты. Ата-аналар балаларын мектепке өз еркімен жібергеннен кейін, масканы да өздері алып беруі керек. Ал мұғалімдердің маскасын мектеп беретін болады.
"Кезекші сыныптарға ата-аналар балаларды мектепке өз қалауы бойынша беріп жатыр. Сондықтан ата-аналар оқушыларды маскамен өздері қамтамасыз етуі керек. Оқушыларға тегін маскалар берілмейді. Ал мұғалімдерді қажетті маскамен мектептердің өздері қамтамасыз етеді", - дейді Аймағамбетов.
Осыған дейін білім және ғылым министрі бастауыш сыныптың оқушыларын 100 пайыз мектепке қабылдауға дайын екенін айтқан.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі