Айқынның ата-анасынан баз кешкен жастарға арнаған әні тыңдарманын жылатты (видео)
Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосы тарап кеткен кезде Айқын Төлепберген кадрлардың жаңа телехикаядан алынғанын айтқан болатын. Айқынның отандық сериалға түскені рас болып шықты. “Қария” атты фильм жақында көрерменге жол тартады. Ал әзірге Айқын оған жаздырған саундтрегін ел назарына ұсынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қария” фильмі келіншегінің ығына жығылып, ата-анасынан баз кешкен жас жігіт туралы әңгімелейді. Бұл ретте жастарды ата-ананың қадірін білуге шақырған Айқын тыңдармандарына: “Әкенің қадірін білдік пе? Ананы аялай алдық па?” – деп сауал тастаған.
Тыңдармандар Айқынның әнін тыңдаған кезде көз жастарын тыя алмағандарын жарыса жазып жатыр.
“Керемет ән”, “Шын бәрі, өмірден алынған”, “Аянышты. Бұндай өмірді ешқандай адам басына берсін. Қарттарымыз аман болсын. Әке-шешелеріміз аман болсын. Ата-бабаларымыз аман болсын. Жастар ақылды болсын”, “Өте эмоционалды ауыр фильм сияқты. Мына видеоның өзінен жүрегім қысылып кетті”, “Жүрегім ауырып кетті ғой”, – деп жазды тыңдармандар.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Нюша жасырын түрде тұрмысқа шықты (фото)
Абай Бегей марқұм жұбайынан айырылып қалған соң көрген қиыншылығы жайлы айтты
Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов жұрттың жағасын ұстатты (фото)
Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)