Абай Бегей марқұм жұбайынан айырылып қалған соң көрген қиыншылығы жайлы айтты

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 11:50

Әнші Абай Бегей марқұм жұбайымен танысып, табысқан кезді есіне алды. Ол әйеліне ата-анасының өтінішімен үйленген екен. Десе де, Абай Бегей ата-анасының кеңесіне құлақ түргеніне өкінбейді. Айтуынша, жар таңдауда ата-ананың пікіріне зер салған дұрыс.

14364380733445

Бұл туралы Абай Бегей «Еуразия» арнасының «Қалаулым» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ол кезде ауылда тұрдық. Менің әкем 1941 жылы ҰОС-қа қатысып, бір қолына оқ тиіп, соғыстан қайтып келген кісі. Мен ата-анамның сегізінші, кенже баласымын.

Әкем марқұм үлкейген шағында анама «Абайды үйлендіру керек» деп айтқан. Мен ол кезде 19 жаста, келіншегім 17 жаста болды. Сонымен біз бір ауылда тұрдық, бір-бірімізді танимыз. Бірақ арамызда анау айтқан махаббат болған жоқ. Енді үлкен кісілер біледі ғой. Анам: «Сол қызды алсаң қалай болады?» – деді.

Ол кезде жаспыз, жаңа мектеп бітірген шағым, басқа да қыздарға көз салып жүрген кезіміз ғой. Жақсы деп сол қызбен сөйлесіп, арада көп уақыт өткен жоқ, жарты жылдай бірге жүрдік. Сөйтіп отбасын құрдық. Одан кейін оқуды бастадық. Ол Ақтөбеде, мен Ақтауда оқыдым. Екі жақты келіп-кету, оқу басталды», – деп еске алды әнші.

Абайдың айтуынша, ата-анасының қалауымен жар таңдаған адам қателеспейді. Ол мұны өмірлік тәжірибесінен көргенін айтады.

«Үлкен кісілер біледі деген себебім, анам марқұм 2014 жылы қайтыс болды. Сол анам ауырған кезде осы келіні анамның жағдайын жасап, шығарып салды. Ертең үлкейген шағында қандай адам қарайды, қасында болады, үлкен кісілер біледі екен. Араға бір жыл салып, келіншегім қайтыс болды», – дейді Абай Бегей.

Әнші жұбайынан айырылып қалғаннан кейін көрген қиыншылығымен де бөлісті. Ол балаларының әлі де Ақтауда тұратынын айтты. Ұл-қыздары аналарынан айырылып қалғаннан кейін әнші оларды ел-жұрттан алыстатып, Алматыға көшіргісі келмепті.

“Шамам келгенше жиі барып, жиі қыдыртып тұрамын. Қазір нағашы апалары тәрбиелеп отыр. Ол кісіге Алла разы болсын. Жұбайым қайтқалы үйдегі бар жағдайды жасап отырған сол кісі”, – дейді Абай Бегей.

Жіберіп алмаңыз:

Белдемше киіп алған Әлішер Кәрімов жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Ерке Есмахан сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)

Жаңарған «Ayumi»: Алуа Қонарова төрттікті өзге топтармен салыстырғандарды орнына қойды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар