Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңарған «Ayumi»: Алуа Қонарова төрттікті өзге топтармен салыстырғандарды орнына қойды (видео)

Алуа Қонарова Ayumi тобының жаңа құрамын таныстырды. Триодан квартетке айналған топта Ақназ бен Әселден бөлек, алдағы уақытта Сандуғаш пен Назым есімді қос бойжеткен ән салады.

20905457_1374754372623350_1161726947772858368_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қонарова Сандуғашты тыңдарман қауымға бірнеше ай бұрын таныстырған болатын. Сол кездің өзінде-ақ танымал продюсер топ құрылымының әлі де өзгеретінін айтқан еді.

Ол квартет құруды бұрыннан ойлап жүргенін алға тартты. Алайда шоу-бизнесте төрттіктер көбейіп кеткендіктен, продюсер топ құрамын тағы толықтырғысы келетінін жасырмады.

Ал әзірге квартет болып құрылған топ күні кеше Медеуде өткен Star of Asia фестивалінде өнер көрсетті.

Бұл ретте тыңдармандар арасында жаңа құрылған топты сынап, тіпті, өзгелермен салыстырып жатқандар да табылды. Оларға Алуа Қонарованың берер жауабы бар.

“Ешқандай негізі жоқ, әділетсіз әрі үстіртін жасалған салыстыруларды ешқашан қабылдамаймын. Кесімді дейсіз бе? Есесіне шындық!

Анализ жасауға ақыл-өрістеріңіз жетпесе, дұрыстап бағалай алмасаңыздар, мені салыстырулардан аулақ ұстаңыздаршы. Қайта-қайта жаңа парақша ашып, жағымсыз пікірлер жаудырғанша мені оқымай-ақ қойыңыздар. Ондай пікірлерді оқысам, мисыз адамдар елестейді. Шамасы ми аналарыңыздың жатырында қалып кеткен шығар. Ештеңе жазбасаңыздар, бәріміз де бақытқа кенелер едік.

Қатты айттым ба? Есесіне тағы шындық.

Өз оқырмандарымнан кешірім сұраймын, бұл жазба барлықтарыңызға қатысты емес”, – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Сахнаға іш киіммен шығатын атышулы төрттік енді трио боп қалды

Жанкүйерлерге Қайрат Нұртастың киімі ұнамай қалды (фото)

Динара Сұлтан “Star of Asia” фестивалінде фонограммамен айтқан әріптестерін сынап тастады (видео)

Дженнер VS Айсәуле: Танымал қазақ қыздары шетел жұлдыздарына еліктеуге неге құмар? (фото)

Талқылау