Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты
Осыдан біраз уақыт бұрын Айқынның Жұлдыз Өмірғалимен көңіл жарастырып, тіпті ұлды болғандары жайлы желі де қауесет тараған болатын. Төлепберген бұл ақпараттың ақиқатын айтып, мардымды жауап бермеген еді. Алайда, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Айқын, бұл жолы жеке өмірінен гөрі, перзенттері туралы айтуды жөн деп шешті.
Әрдайым әнсапар, салтанатты кештер немесе өзге қалалардағы концерттерде жиі бой көрсететін Айқын, бүгінде балаларына уақытының тапшы екенін жасырмайды. Осыдан бірнеше жылдар бұрын қолы қалт етсе, достарымен бас қосатын әнші жігіт қазіргі таңда ұл-қыздарының қасынан табылуды әдетке айналдырғанын айтады.
«Бұрын кез-келген бос уақытты достарыммен өткізетінмін. Күндіз уақытым бар болса, достарыма хабарласып, қайдасыңдар, не істейміз, анда барайық, мында барайық деп өткізетінмін. Қазір, бір бос уақытым болса, балаларыммен өткіземін. Футболы бар, анау-мынауы бар, баратын жерлеріміз көп қой. Ойыншық алып бер дейді, спортқа алып барамын, мектепке алып барамын», – дейді Айқын.
Жұлдызды әке бүгінде баласының болашақтағы мамандығына таңдау жасап қойғанын айтады. Алайда, алғашқыда әке жолын қуғысы келген тұңғышы Аңсар, бастапқы ойынан айнып қалған көрінеді.
«Ұлым бір кездері әнші боламын деді. Бір кездері Майкл Джексон боламын деді. Қазір полиция қызметкері боламын деп жүр, көреміз енді. Ең бастысы адам болсын…», – дейді жұлдызды әке.
Иә, Айқынның бұлай деуі де тегін емес. Өйткені, әкесінің танымалдылығы мен байлығын пайдаланып, жүгенсіз кеткен жастардың санында шек жоқ деп отыр. Тіпті, Төлепберген ұлының әке жолын емес, өзіндік дара жолы қалыптасқанын қалайды.
«Менің әншілігім, менің танымалдылығым оған әсер етпеуі керек деп ойлаймын. Егер әсер етсе оған қиындау болады да. Жеңілдіктер әкеледі, кері әсерін тигізуі мүмкін. Оның өзінің өмірі өзіне. Мен оның өміріне өзімнің өмірімде болып жатқан құбылыстарды, оның өміріне араластырғым келмейді. Екі түрлі адамдармыз біз», – дейді әнші Айқын.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео)
Кәмшат Жолдыбаеваның испан стиліндегі клипі тыңдарманға ұнап қалды (видео)
Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)
“Қазақ жігіттерінен мықты емес”: Байсемізова шетелдікке тұрмысқа шығудың кемшілігін атады (фото)
Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)