Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын бір тойда 9 әнге дейін айтып беруге дайын екенін жеткізді

Айқын Төлепберген бір тойда жанды дауыспен қанша ән орындай алатынын және ондай қызметтің қанша тұратынын ашық айтты.

18879302_2013392858884438_5010018525457154048_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Тойларда жиі бой көрсететін әншілердің қатарында Айқын Төлепберген де бар. Ол гонорарды доллармен емес, теңгемен алғанды жақсы көреді екен. Алматыдан басқа қалаларда өтетін тойдан Айқынның әндерін естігіңіз келсе, 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаламақысын дайындайсыз. Ал Алматыда әншінің «Пах-пах» әнін 800 мың теңгеге тыңдай аласыз. Бонус ретінде әнші бір емес, екі бірдей әнін орындап беруге дайын. Десе де, барлығы халықтың қалауына байланысты екен.

«Тойда ел көңілді, билеуге лайық әндерді естігісі келеді. «Алтыным менің» сынды қайғылы әндер керек емес деп ойлаймын. Себебі, бақытсыз махаббатқа негізделген әндер жас жұбайлардың тойына лайық емес. Бірақ, вальске арналған әндерді де орындайтын кездерім болады. Тойда әдетте кем дегенде 5 ән айтамын. Ал одан көп ән айтуымды сұрап жатса, тойдың ортасында жартысын, соңына қарай жартысын орындаймын. Халық қаласа, 9 әнге дейін айта беремін», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Парвиз Назаров сахнадан көрінбей кетуінің себебін ашып айтты

Айнұр Ілиясова: Жұмысқа шақыртуларды асыға күтіп жүрмін

Айгүл Бабаеваның қызы: Қазір көп бала туудың не қажеті бар?

Еспанов: Ерте үйленудің бір пайдасы – ерте немере сүйесің

Талқылау