Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын “Әулие Валентин” күнін қорғаштаймын деп сынға қалды

Айқын Төлепберген “Әулие Валентин” күніне деген көзқарасын білдірді. Әншінің айтуынша, бұл “мерекені” тойлау не тойламау – әркімнің өз құзырындағы дүние. Ал сүйікті адамыңа сыйлық жасап, оның көңілін аулағанда тұрған артық ештеңе жоқ.

Айкын_150217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Кезінде 14 ақпанды мереке деп санамызға құйып қойды, енді тойлауға болмайды, яки біздің мейрам емес деп жатыр. Бұл ойыншық алып беріп, кейіннен Қытайдікі деп алып қойғанмен бірдей. Басқа мейрамдарға да тосқауыл қойылса ше? (8 наурыз, Жаңа жыл)”, – деп бастады сөзін әнші.

Айқынның айтуынша, бұл “мейрамның” тарихын ешкім білмейді. Ал ел арасында тарап кеткен аңыздардың рас-өтірігі белгісіз.

“Негізі әркім өзі біледі ғой. Тойласа да тойламаса да. Бұл мейрамның тариxын ешкім білмейді. Тек болжамдар ғана. “Тойлаңдар” деген мен жоқ, бірақ сүйіктілеріңе жылы-жылы сөзер айтып бір гүл беріп қоюды ұмытпаңыздар”, – дейді Айқын.

Әншінің аталған жазбасы қызу талқыға салынды. Желі оқырмандарының бір легі жастарға теріс үлгі көрсетіп жатқан әншілерді сынап тастады. “Валентиннің” қазаққа жат ұғым екенін айтқандар көп болды. Дәл сол сияқты бұл күнді мерекелеуді жөн санайтындар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

Тұрсынбек Қабатов отбасымен бірге Дубайда демалып жатыр (фото, видео)

Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)

Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)

Талқылау