Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айыптаулары негізсіз": Талғат Мұсабаев қызбен болған жанжалға қатысты түсініктеме берді

Сенатор Талғат Мұсабаев Нұр-Сұлтандағы қызға жасалған шабуыл туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Кеше, 24 маусымда Триатлон-паркте болған оқиғаға байланысты мынаны атап өту маңызды деп санаймын. Кеше саябақта досымен серуендеу кезінде иті бар қыз жүгіру жолымен бізге қарама-қарсы бағытта келе жатты. Мен оған иттің қарғыбауы жоқ екені туралы ескерту жасадым, өйткені бұл басқа адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін деп ойладым. Бұған жауап ретінде жағымсыз және дөрекі сөздер естік. Қыз бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында ешнәрсе жазбады", - деді Мұсабаев.

Қыз полиция шақырғаннан кейін Мұсабаев полиция қызметкерлерінің келуін күтіпті. Осылайша, қажет болған жағдайда куәлік беруге және заң бойынша өз құқығын қорғауға дайын екенін білдірмек болған.



"Полиция келгеннен кейін – ІІМ-нің екі қызметкері - түсініктеме бердік, оның ішінде өтініш берушіден. Менің тарапымнан оның атына заңсыз әрекеттер туралы, әсіресе қандай да бір дене жарақатын салу туралы әңгіме болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қолын беріп, кешірім сұрады. Ұрып-соғу туралы айыптауды негізсіз деп санаймын", - деді сенатор.

Бұған дейін астаналық Алина Нұртас есімді бойжеткен итімен бірге серуендеп жүрген кезінде оған қазақстандық депутат, халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың шабуылдағанын жариялағаны туралы хабарланды.

Талқылау