Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолым ұйып қалды": Елордалық бойжеткен сенатор Талғат Мұсабаевты өзін ұрды деп айыптады

Астаналық Алина Нұртас есімді бойжеткен итімен бірге серуендеп жүрген кезінде оған қазақстандық депутат, халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың шабуылдағанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұрып тастады

Бойжеткеннің айтуынша, ол итімен бірге саябақта серуендеп жүрген. 

"Саябақта итіммен бірге келе жатқанбыз. Итімнің тұмылдырығы мен қоқыс салатын қапшықтарды қолымда ұстап келемін. Бір кезде арт жақтан әлдебір ер азаматтың дауысын естідім. Алғашында мән бермедім. Бір кезде ол жақындап келіп, айқайлай бастады. Маған қатысты агрессия танытқан еркекке "кетіңізші" деп айттым. Бір кезде ол артқа айналып тұрып, иығымнан жұдырықпен бір ұрды. Қолым ұйып қалды", – дейді желі қолданушысы. 

Айтуынша, қыз сол мезетте полиция шақырып, жарақатын бекіткен. Ол сенатордан мұндайды күтпегенін айтады. 

Stan.kz тілшісі аталған оқиға жайлы елордалық полиция департаментінен сұраған еді. 

"Осы жылдың 24 маусымында сағат 17:22-де 102 нөміріне ер адам Момышұлы көшесінде орналасқан Триатлон саябағындағы қызды ұрып, онымен дөрекі сөйлескені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен иттің иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендеуге байланысты туындағаны анықталды. Бұл факт тексеріліп жатыр", – деді ПД өкілдері. 

Талқылау