Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер Талғат Мұсабаевты қысым көрсетті деп айыптады

Алматық кәсіпкер қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевты қысым жасады деп айыптап, ал оның немере қарындасы кәсібін тартып алмақшы деп ренішін білдірді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Гүлнар Мұсабаева мен оның күйеуі Виктор Морозов қазақстандық банктерден миллиардтан астам доллар қарыз алып, енді қазақстандық инвестор Бахыт Ниязовтың бизнесін тартып алмақшы екен.

Алматылық кәсіпкер Талғат Мұсабаевты қысым көрсетті деп айыптайды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кәсіпкер Алматы қаласының маңынан инновациялық тұрғын үй кварталын тұрғызуға қаражат бөлген болатын. Және көп ұзамай мұнда тұрғындар қоныстануы керек еді. Оның жобасы жас жұптарға арналған. Бірақ инвестор Бақыт Ниязов бұл жоба оның бизнесінің құрдымға кетуіне себепші болуы мүмкін деп үрейленуде.

«Біз ертең су құбырын кесіп тастаймыз, газ құбырын жарып, өртеп жібереміз. Сізге құқық қорғау жүйесінде қиындық тудырамыз. Біз күн сайын осы сөздерді естиміз. Күніне жазбаша және ауызша осындай қауіп-қатер түсіп тұрады. Бізде Мұсабаевтар отбасының қысым көрсеткені жайлы бір бума құжат бар»,- дейді кәсіпкер.

Бүкіл оқиға 2013 жылы басталды, сонда Бақыт Ниязов қалалық үйлердің құрылысына 300 миллион теңге инвестициялады. Сөйтсе жер иелері ғарышкер Талғат Мұсабаевтың немере қарындасы Гүлнар Мұсабаева мен оның күйеуі Виктор Морозов болып шықты. Алайда, жоба толығымен жүзеге асырылмады және Ниязовқа ақшасы қайтарылмады.

Төрт жылдан кейін халық батырының туыстары БАӘ-ден табылды. 2016 жылы алматылық кәсіпкер ерлі-зайыптыларға өз үлесін сатып алуды және бонус ретінде бірнеше пәтерді беруді ұсынды. Осылайша олар келісімге қол қойды. Бірақ, жоба сатып алушылар арасында қызығушылық тудырғаннан кейін Мұсабаева мен Морозов мәміле шарттарын қайта қарап, кәсіпкерден екі миллион доллар талап етті..

«Бұл фамилия үнемі маңызды рөл ойнайды. Мұнда туыстары қақтыс ұйымдастырғанда, олар әрқашан Талғат Мұсабаевтың есімін атайды. Олардың осылай танымал туыстарының атын жамылғаны алғашында мені ашуландырды. Содан мен өзім Мұсабаев сенатор болғандықтан оған жазбаша түрде хат жолдадым. Одан бұл жағдайға қандай да бір түрде әсер етуін өтіндім»,- дейді Бақыт Ниязов.

Ниязовтың айтуынша, бұл нағыз рейдерлік тәркілеу. Тіпті, Мұсабаевтың немере қарындасының адамдары болашақ пәтер иелерін қорқытып, аумаққа кіруге тыйым салып, сотқа беріп жатыр екен. Яғни, барлық жағынан қысым көрсетілуде.

Ал, осындай қысымға ұшыраған кәсіпкер полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

«Біз барлық құжаттарды тіркеп арыз жаздық. Бірақ, қылмыстық құрам жоқ деп, біздің шағымымызды қараудан бас тартты. Не себептен бас тартқандарын білмеймін, бұның танымал фамилияға қатысы бар ма?»,- дейді «Mountain Drive» компаниясы директорының орынбасары Дауыт Мистоев.

Ал ғарышкер Талғат Мұсабав бұл жағдайға еш қатысы жоқ екенін және әңгіменің не жайлы болып жатқанын білмейтінін айтты.

«Мен ештеңе білмеймін және ешкімге қысым көрсетпеймін. Тіпті әңгіменің не туралы болып жатқанын да білмеймін. Кімнің кімке міндетті екенін де білмеймін!»,- деді қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Алайда, Қазақстандық БАҚ анықтағандай, Мұсабаевтың туыстары 2006 жылдан бері қазақстандық банктерге жарты миллиард доллар қарыз болған Algabas Development ЖШС-ның иегерлері екен.

Талқылау