Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзат ісі: Айыпталушының Instagram-дағы автомат пен "Хутор" деген жазуы бар фотосы сотта сұрақ туғызды

Фото: Нұрқияс Ілиясовтың Instagram парақшасынан алынды

Сотталушы Нұрқияс Ілиясовтың Instagram парақшасынан "Хутор" деген жазуы бар фото мен Калашников автоматының суреті табылды. Дерек Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев Ілиясовқа "Хутор" деген жазуы бар жазбаға қатысты сұрақ қойды. 

"Instagram парақшаңызды қарап, "Хутор" деген жазуы бар Калашников автоматының суретін таптық. Бұл фотоны неліктен жарияладыңыз?" – деп сұрады адвокат.

Айыпталушы қойылған сұраққа жауап беруден бас тартты.

"Мен бұл сұраққа жауап беруден бас тартамын", – деді Ілиясов.

Отырыс барысында қорғаушы Ілиясовтың соттылығына қатысты іс материалдарындағы мәліметтерді ұсынды.

"Материалдарға сәйкес, сіз бұрын бұзақылық ісіне қатыстыңыз. 2021 жылы олар 107-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2022 жылы олар 293-баптың 2-бөлімі бойынша сотталған. 2024 жылдың сәуірінде олар 107-бап бойынша тағы да сотталған. Ілиясов айтыңызшы, жазаңызды өтедіңіз бе”, – деп сұрады адвокат.

Ілиясов тағы да жауап беруден бас тартты. Жауап алу кезінде сотталушы 3 қазанға қараған түні болған оқиғаны айтты. Оның айтуынша, ол Мерседес көлігімен Менделеев көшесіне келген.

"Біз келгенде дүкеннің жанында 8-9 адам тұрған. Мен сыртқа шығып, сәлемдескім келді, бірақ бәрі агрессивті болды. "Жігіттер, не болды, сендерді неге ұрды?" деп сұрадым бірақ олар маған жауап бермеді. Сол кезде марқұм Шерзат мені ұрды", – дейді Ілиясов.



Ілиясовтың айтуынша, содан кейін жанжал басталып кеткен.

"Дүкеннен Қаржаубай пышақпен шықты. Сол кезде біреу мылтық атты. Мылтықты алып үлгеремін деп ойладым, бірақ екінші оқ атылды. Содан кейін үшінші. Мен артқа шегіндім. Атқыш: "Мен бәрін атып тастаймын!" – деп айқайлады. "Тоқта" дедім", – дейді сотталушы.

Ілиясов қақтығыстың соңғы бөлігіндегі өзінің әрекетін түсіндірді.

"Шерзат құлап, Нұрқанат жүгіріп барып, оны көтеріп алған кезде,мылтығымды суырып алып, дүмімен екі рет ұрдым", – деді сотталушы.

Ол оқиғадан кейін жәбірленушіге не болғанын білмегенін айтты.

"Біз көлікке қарай жүрдік. Азамат Тоқтаубаев мылтықты менен алып, әрі қарай басқа дүкенге бардық", – деді Ілиясов.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы Искаков Думан куәлік еткен еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 16 Мамыр, 2025 17:34
Талқылау