Айгүл Орынбек: Марқұм болған Ая Мантай соңғы күндері мені іздеген екен
Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек марқұм болған жас жазушы қыз Аягүл Мантайдың өліміне қатысты жазба жариялады. Заңгер жазушының өмірінің соңғы күндері өзін іздегенін айтады.

Біздің қоғамның қатыгез екеніне баяғыда көзім жеткен! Елдің мәселесіне келгенде жақ ашпайды! Біреудің жеке басының өсегімен, төсегі жазыла қалса, құзғындардай жиналып іштегі құсықтарын құсады. Бір адамға болса да көмегім тисін деген жақсы ниетіңнің бәрін күл талқанын шығарады! Аяның өліміне себепші болған скрин тасушы еркек кіндіктінің бетіне түкіргім келіп отыр”, – деп жазды заңгер.
Айтуынша, ол Ая Мантай танысып үлгермеген. Алайда марқұмның өзін іздеуінің бір себебі бар. Қоғам белсендісі қыздың өмірін қорғап қала алмағанына өкініш білдіріп, қаралы отбасыға көңіл айтты.
- Кеше ғана хабарласып "мен үшін дұғада болшы" деді: Қазақстандық журналист марқұм Ая Мантай туралы жазды
- Айгүл Орынбек: Қазақ жігіттерінің құны "100 теңге"
“Ая қыздың басына іс түскенде жағасын төсеп, еңсесін көтеріп, демеп жіберетін қасынан мықты достың, ағаның, әпкенің, інілердің табылмағаны өкінішті… Аяны танитындар қалайша айрылып қалдыңдар? Адамды жақсы танимыз деп ойлаймыз, жақсы танитын адамыңның ішінде не болып жатқанына үңілмейміз. Аузымызға келгенін құсып жеке басқа өтеміз. Бұл қәзіргі қоғамның дерті. Еркегі қалмаған өмірде еркек болып қалу керек едің, Ая. Иманды бол, мен сенімен ерте танысуым керек еді”, – деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.
Айта кетейік, қазақстандық жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті. Қаралы хабарды марқұмның әріптесі, ақын Сүндет Сейітов растады.
"Кәнсіл": Қазақстандықтар 2025-тің жыл сөзін таңдады