Әйгілі “Жігіттер” тобы тарап кетуі мүмкін
Бір кездері талай қыздың жүрегін жаулаған “Жігіттер” квартетінің серілері бүгінде топтың жұмысынан қарағанда, жеке шығармашылыққа көбірек көңіл бөліп жүр. Бұл ретте ел арасында құрылғанына 15 жыл толғалы отырған әйгілі квартет тарап кетуі мүмкін деген ақпарат тарағалы біраз болды. Бұл сұрақтың жауабын топ мүшесі Айдар Тұрғанбек берді.
Бұл туралы “Медиаметрикс” радиосына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әнші күндердің күнінде “Жігіттер” тобы тарап кетуі мүмкін екенін меңзеді.
«Бір тумақ болғанмен, бір жүрмек жоқ» дейді ғой. Ағайындар бірге туады, бірақ өмір бақи бірге жүрмейді деген сияқты, бізде де сондай. Төртеуміз төрт үйдің баласымыз. Біз арман қуып Алматыға келдік. 7 жылдай бір үйде тұрдық. Әрі қарай үйлендік, жайландық. Әлі де бірге жүреміз. Бірақ жеке шығармашылыққа қазір төртеуміз де кірісіп жатырмыз.
Қазір мен ұзату туралы ән жаздырып жатырмын, одан бөлек жаңа он шақты әнім бар. Ниетім бар жазуға, дайын болып тұр. Соған демеуші табыла қалса, жазамын. Халққа ұнамды әндер болса, клип түсіремін. Енді жеке шығармашылықты да алып жүру керек. Себебі әркімнің өз отбасы, бала-шағасы, әке-шешесі бар”, – деп түсіндірді Айдар.
Алайда ол топта жүріп те жеке әнші ретінде қалыптасуға болатынын айтты. Ал жеке кәсіп пен шығармашылық оған кедергі келтірмейді.
“Жеке кәсіп те, жеке шаруашылық та ешкімге кедергі болмайды. Біз төртеуміз де бірге жүре береміз, бөлек те әндер айтамыз. Оған төртеуміздің де күш-жігеріміз жетеді. Қасымдағы жігіттердің барлығының вокалдық мүмкіншіліктері өте мықты. Жеке шықса, бәрі де мықты. Сондықтан ешқайсымыз жерде қаламыз деп ойламаймын”, – дейді Айдар Тұрғанбек.
Жіберіп алмаңыз:
“Жігіттерлік” Айдар шай кәсібін тастап кетті
Тыңдармандары қазақы стилде ән салатын Қуандықтың өзгеріп кеткенін айтып дабыл қақты (видео)
Қазақстандық бүлдіршін халықаралық сұлулық және таланттылар байқауында топ жарды (фото, видео)