Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Иман Хелифтің даулы оқиғасынан кейін алдағы Олимпиадада трансгендерлерге жаңа ереже қабылданбақ

Olympics.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) трансгендерлерге Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл бастама спорттағы қауіпсіздік пен, әсіресе әйелдердің әділдігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

The Times басылымының хабарлауынша, жаңа ереже 2026 жылдың басында күшіне енеді. Түзетулердің негізгі мақсаты спорттағы әділ бәсекелестікті сақтау және әйел спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұл бастаманы ХОК комиссиясының президенті Кирсти Ковентри көтерген.

"Біз ғылыми дәлелдер мен әділ қағидаларға сүйенеміз. Әйел cпортшыларды қорғау – басты мақсат", — деді Ковентри.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Олимпиадалық комитеті де трансгендерлерге әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салған еді.

Бұл шешімге 2024 жылғы Париж Олимпиадасында болған даулы оқиға түрткі болды. Сол жарыста алжирлік боксшы Иман Хелиф пен италиялық Анджела Карини арасындағы жекпе-жек кезінде Карини небары 46 секундтан кейін рингтен кетіп, көз жасына ерік берді. Кейін ол тіпті бокстан кететінін мәлімдеді.

Осы оқиғадан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв Иман Хелифтің бұрын ер адам болғанын айтып, бұл мәлімдеме әлемдік спорт қауымдастығында үлкен резонанс тудырды. Кремлёвтің айтуынша, Хелиф 2023 жылғы әлем чемпионатында гендерлік тесттен өте алмай, жарысқа қатысу құқығынан айырылған.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 13:01
Талқылау