Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Танымал аргентиналық футболшы Диего Марадона тағы да даудың ортасында қалды.

large

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

56 жастағы аяқдопшы өз қызы Олива Росиоға шабуыл жасады деп күдікке ілінуде.

Марадона мен Олива дүйсенбі күні испандық “Реал” мен италиялық “Наполи” командалары арасындағы футбол матчын тамашалау үшін Мадридке келген. Сол күні журналистермен сөзге келіп қалған футболшы, ертесіне өз қызымен ұрысып қалған.

Қонақүйдің кезекшісіне қоңырау шалған Олива полиция шақыруларын сұраған. Оқиға орынына келген тәртіп сақшылары екеуін сұрақ астына алады. Алайда қызы полицияға ресми арыз түсірмеген.

Диего Марадона мен Олива Росио төрт жылдан бері кездесуде. Жас қыз футболшыдан 31 жасқа кіші. Бұл олардың алғашқы ұрыстары емес. Біраз жыл бұрын Диего сүйіктісін қымбат заттарымды ұрлады деп айыптаған еді.

Оқи отырыңыз:

Головкин-Альварес жекпе-жегі 2017 жылы болатын ең үздік сайыстардың қатарына енді

Бокс жанкүйері денесіне Головкиннің портретін салдырды

19 жастағы гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионы атанды

Месси пакеттен жейде жасап киген ауғанстандық баламен кездесті (видео)

Талқылау