Әйгілі "Арыстан патша" мультфильмінің режиссері дүниеден өтті

Коллаж: Stan.kz
Disney студиясының “Арыстан патша” мультфильмінің режиссерлерінің бірі Роджер Аллерс 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды 18 қаңтарда америкалық продюсер Дэйв Боссерт Facebook парақшасында жеткізді. Ол Аллерсті “айрықша дарынды суретші әрі режиссер” және “Disney анимациясының қайта өрлеу дәуірінің нағыз тірегі” деп атаған.
Аллерс Disney-де еңбек жолын 1982 жылы шыққан америкалық фантастикалық “Трон” фильміне арналған препродакшн-концепттер әзірлеуден бастаған. Кейін “Оливер және компания”, “Кішкентай су перісі” туындыларында раскадровка суретшісі болды, ал одан соң “Сұлу мен Құбыжық” жобасында сюжеттік бөлімнің жетекшісі қызметін атқарды. Кейінірек “Арыстан патша” мультфильмінің қосалқы режиссері болды.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның көрнекті актері Ли Сун Чже өмірден өткені хабарланған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі