Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі америкалық актер Чак Норрис өмірден өтті

Фото: gettyimages.com

Әйгілі америкалық актер және жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жаста көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаралы хабарды актердің отбасы әлеуметтік желіде хабарлады.

"Көпшілігіңіз оның соңғы кездері ауруханада жатқанын естіген шығарсыздар, және оған бағыттаған дұғаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Қазір біз осы ауыр қайғымен арпалысып жатқанда, отбасымыздың қиын сәтте жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды сұраймыз. Оны бізбен бірге жақсы көргендеріңізге алғыс айтамыз", – деп жазды актердің туыстары. 

Айта кетейік, Чак Норрис 1940 жылдың 10 наурызында АҚШ-та дүниеге келген. Ол мансабын каратэ жаттықтырушысы ретінде бастаған және қысқа уақытта көптеген атақтарды жеңіп, өз жекпе-жек өнері мектептерін ашып, ең танымал жауынгерлердің біріне айналған.

Норрис кино саласына 1970 жылдары келіп, күшті әрі әділетті кейіпкерлерді сомдаған экшн фильмдері арқылы танымалдыққа қол жеткізген. Чак Норристің ең танымал фильмдері көбіне экшн және жекпе-жек өнеріне негізделген туындылар.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Наурыз, 2026 20:16