Әйгілі 5 сиқырдың жасалу құпиясы (фото)
Сиқыр – баланы қуанышқа бөлеп, керемет көңіл –күйге бөлейді. Ал, үлкендер жағы оның қалай жүзеге асқанына таң қалып жатады.
Бұл туралы adme.ru хабарлайды.
Сиқырдың қалай жасалатынын білгісі келетіндер үшін әйгілі 5 сиқырдың құпиясын айтпақпыз.
Бас киім астындағы қоян
Қоян қара матаға оралған мөшек ішінде тұрады. Сиқыршы мөшекті өз жағындағы үстелдің жақтауына жамылғы астына іліп қояды. Ол бас киімді төмен қарай аударғанда білдіртпестен мөшекті бас киім ішіне салып жібереді. Сосын қоянды бас киім ішінен алып шыққандай болады.
Қасықты екіге бөлу
Сиқыршы қолына қасық пен тиынды қатар ұстап тұрады. Тиын оның бас бармағы арасында болады. Көрген адамдар оны қасықтың бөлігі деп ойлайды.
Левитация
Ассистент қыз үстелге жатып, көйлегімен үстелдің барлық жерін жауып тұрады. Мұндағы негізгі мақсат – жатқан қызды ақырын түрегеп тұрғызу. Сиқыршы темір айналманы қызға кигізеді. Өзі темірді жауып тұрады. Сиқыр түрі де осы темір арқылы жүзеге асады.
Бөлінген әйел денесі
Әрбір жәшіктің биіктігі 35 см-дей болады. Ал, платформа биіктігі 20 см болады. Сиқыршы жәшіктің әр есігін ашқан сайын қыз жәшіктің өзге есіктерінен келесісіне кіріп үлгереді. Ал, қалған жәшікте маникеннің бөліктері тұрады.
Саусақтан шығатын түтін
Сіріңке қорабының от тұтатын бөлігін алып тастаймыз. Алған жолақты ұзындығына қарай екіге бөліп, тұтатамыз. Ол толықтай жанып кеткен соң, қалған жолақты ұнтақтап саусағымызға жағамыз.