Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айға жететін орынды тапқан сияқтымын": Қазақстандық фотограф желіде толған Айдың видеосымен жұртты тәнті етті

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко еліміздегі ең биік ғимарат үстінен биылғы ең үлкен толған айды видеоға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видео скриндерінен 

Жер тұрғындары Айдың бір бөлігі Жердің көлеңкесіне түскен кездегі тұтылуын байқай алады. Бірақ үлкен болып көрінетін толған айдың 14 пайызы 17 қыркүйекте көрінді.

"Міне, қазан айындағы толған айдың кадрлары кеше түсірілді. Мен Айға жететін орынды тапқан сияқтымын. Бұл Астанадағы Әбу Даби Плаза – Қазақстанның ең биік ғимараты-311 метр және 75 қабат. Мына толған айды көріп тұрсыз ба?"- деп жазды Instargram парақшасында Доценко.

Толған Ай Жерге ең жақын, шамамен 363 711 шақырым қашықтықта болған кезде пайда болады. (әдетте бұл қашықтық 384 472 шақырымды құрайды). Сондықтан Ай әлдеқайда үлкен және жарық болып көрінеді.



“Ғажап, құдды ертегідегідей”, “Керемет, кеше ғана Айдың толатынын айтып, көреміз деп едік”, “Түн жап-жарық болып еді”, “Иә соңғы күндері Ай әдемі әрі жарық. Әр кеш сайын қарап тамсанып жүрм”, – деді пікір қалдырушылар.

Талқылау