Бойжеткен құрбысының өлімін оның сүйіктісінен жасырып қалған
Алматы қаласының тұрғыны сайтымыздың поштасына хат жолдап, өзінің жүрек жарды сырын бөлісті. Айгүл осыдан екі жыл бұрын өзінің құрбысына қиямет жасаған екен. Енді осы әрекеті үшін қатты өкініп жүр.
“Бірнеше айдан бері өзімді құрбым мен Жаратқанның алдында кінәлі сезініп жүрмін. Жасағаным нағыз иттікпен тең екенін білемін. Бірақ, өздеріңізбен бөлісіп жеңілдеп алғым келіп отыр. Сөзбен ұрып жатсаңыздар да ренжімеймін. Себебі, осыған лайықпын.
Атым – Айгүл. Дәл қазір 24 жастамын. Алматы қаласында туып-өстім. Өзіммен қатар өскен Сәмира есімді құрбым болды. Үш жыл балабақшада, он бір жыл мектепте, төрт жыл университетте бірге оқыдық. Мен ол үшін ең жақын құрбысы болсам да, ол мен үшін – нағыз дұшпан еді. Себебі, Сәмира менің Арманды сүйетінімді біле тұра онымен жүруге келісімін берді.
2013 жылдың қараша айы еді. Факультетте екі шеттілі мамандығында оқитын Арман есімді жігітке қатты ғашық болдым. Алғаш танысқан сәтіміз әлі есімде. Әдетте биік өкшелі аяқ киім кигенді ұнатамын. Бірақ, сол сәтте аяғым аяғыма соқтығысып, Арманның үстіне құлай кеттім. Бәлкім, осы тұста аз жасандылық болған шығар. Өйткені, Арманмен танысудың амалын көптен бері іздеп жүрген едім. Өзі сондай қамқор жігіт. Бірден мені жерден тұрғызып, жанымыздағы көк орындыққа отырғызды. Қалымды сұрап, дүкеннен колготкі әкеліп те берді. Осы оқиғадан кейін екеуіміз жақын араласа бастадық.
Дәлізде бір-бірімізді көріп қалсақ, жымиятын болдық. Бір күні ол мені құрбыммен бірге Көк-Төбеге шақырды. Барып жүрген жерім болса да, қуана келістім. Қасыма Сәмираны ертіп алдым. Бірақ, осы әрекетім үшін қатты өкінемін. Себебі, Арман дәл осы сәтте ғана Сәмираның шынайы мінезін көріп, оған ғашық болып қалды. Ал осы оқиғаға дейін ол Сәмираны өзімшіл, тәкаппар қыз деп ойлайтын. Уақыт өте келе екеуінің арасында хат тасып жүрдім. Арманды ұмытып, құрбыма қиямет жасамаудың бар амалын жасадым. Іштей болмаса да, сырттай олар үшін қуанып жүрген кейіп таныттым.
Арада бірнеше ай өткен соң, Сәмира алдыма жылап келді. Түрінен қатты шошындым. Күнде қасымда жүргендіктен, тым арықтағанын байқамаппын. Ол маған ісігінің асқынып, бұл жалғанда көрер күнінің санаулы екенін айтты. Қолымнан қандай көмек келетінін сұрадым. Әңгімесін тыңдап отырып бір жылап алдым. Сөз соңында ауруы туралы Арманға айта алмайтынын жеткізді. Менен оған қамқор болуымды өтінді. Бұл тілегін құптай түстім. Екеуіміз шытырман жоспар құрдық. “Сценарий бойынша” ол басқа жігітке ғашық болып, Арманның өзіне деген көңілін суытты. Осыдан кейін мен құрбыма білдірмей Арманның көңілін аулап, өзіме қарата бастадым. Оның мені әлі де сүймейтінін білемін. Бірақ, өзімді осылай қанағаттандырғым келді. Түсініңіздерші! Басқа амалым болмады.
Мені ішқұса қылған бір жағдай бар. Ол – Сәмираның жер бетіндегі соңғы күні. Маған ата-анасы хабарласып, оның жағдайы туралы Арманға хабарлауымды өтінді. Мұны Сәмира өтінген екен. Ол райынан қайтып, Арманған не себепті оны басқа жігітке айырбастағанын түсіндірмек болған. Бір уақытта тұтқаның ар жағынан Сәмираның даусы шықты. Ол да қатты жылап, қиналып жатқанын айтты. Арманды ауруханаға ертіп келуімді өтінді. Мен өз бақытымды бұзғым келмеді. Мейлі Арман мені сүймесе де, оның өмір бойы Сәмира туралы жақсы ойда болғанын қаламаймын. Сол себепті, осы қадамға бардым. Арманды ішімдікке масайтып, одан бала көтергенім туралы айтпай-ақ қояйын…
Маған осы дүниеде де, арғы дүниеде де кешірім жоқ екенін жақсы білемін. Түсінулеріңізді де сұрамаймын. Ішқұсадан өліп кетпейін деген ниетпен өздеріңізбен бөлісіп отырмын. Сіздер мені сөгіп, балағаттап жатсаңыздар, керісінше көңілім жай табатын секілді. Кешір мені, Сәмира… Кешір мені, Арман… ”, – дейді Айгүл. Бойжеткен хатының соңында өзінің де, құрбысының да есімін сол қалпында қалдыруымызды өтінген. Енді құрбысына жасаған қияметі туралы жұртпен бөліскен соң, ол туралы Арманға да айтпақ.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты
Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр
6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады