Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның бала күнгі суреті жұртты сүйсіндірді

Танымал актриса Айгүл Иманбаева бала күнгі суретін жариялады. Оны көрген желідегілер Айгүлдің ұлы Асылжанның өзіне ұқсағанын айтып жатыр.

20838889_131531760795916_626798593646264320_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірбеткейлілігімен әрі бетке тура айтатын мінезімен ерекшелетін актриса кішкентай кезінде де осал болмаған көрінеді. Ол бала күнінің өзінде айтқанынан қайтпайтын қайсар қыз болған. Оны Иманбаеваның мына жазбасынан байқадық: “Архив. Мамам кекіл қиғызбайтын, сонда да тығылып кесетін едім”.

Өз кезегінде желідегілер Айгүлдің өте сүйкімді қыз болғанын айтып жатыр. Көпшілік осы суретке қарап, ұлы Асылжанның Айгүлдің өзіне ұқсайтынын аңғарған.

“Расында ұлың өзіңнен аумайды екен. Әдемі жігіт болып өсіп келе жатыр, өзің сияқты”, “Қлыңыз копия өзіңіз екен ғой”, “Мен де солай алып тастайтынмын қисық-қисық қылып”, “Ұлыңыз қатты ұқсайды екен өзіңізге”, “Айекеңнің түрі мүлдем өзгермепті”, – деп жазды желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов ұлының шілдеханасын дүркіретіп атап өтуде (фото)

Жаңарған «Ayumi»: Алуа Қонарова төрттікті өзге топтармен салыстырғандарды орнына қойды (видео)

Мен мұндайды кимес едім: Баян Луинаның киіміне қатысты пікір білдірді (видео)

Медеу Арынбаев бірнеше жылдан бері үйленбей жүруінің сырын ашты

Талқылау