Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева Сәбитке қайта қосылды деп болжағандарға жауап берді

Әдетте әртістер желіде жазылған жағымсыз пікірлерге жауап бермейді. Алайда Айгүл Иманбаева бұл жолы басқаша жасады. Сырқаттанып қалған әнші бос уақытында инста-оқырмандарын мазалап жүрген сұрақтардың жауабын берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Иманбаеваның алғашқы жауабынан кейін-ақ инстаграм қолданушылары оның жеке өміріне қатысты сұрақтарды қарша боратты. Көпшілікті актрисаның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен және Алтынай Жорабаевамен ара-қатынасы жайлы сұрай бастады. Тіпті, кейбір озбыр оқырмандар Айгүлді “Сәбитке қайта қосылып алды” деп айыптап, қытығына тиді.

“Сәбит сіздің теңіңіз емес”, – деп жазған оқырманға Айгүл: “Сәбит – баламның әкесі. Маған емес, балама керек”, – деп жауап берді.

Ашуға мінген Иманбаева жеке өміріне қатысты болжам жасағандарды орнына қойды.

“Сәбитке қайта қосылғаныңыз рас па? Бірақ сіз шыныңызды айтпайсыз ғой”, – деп жазған болатын инста-оқырмандардың бірі.

“Мен бір сондай тексіз адамға ұқсаймын ба? Қайта тиетін?” – деп ашуланды Иманбаева.

Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын Сәбит, Алтынай мен Айгүл үштігі бүкіл Қазақстанды аралап, концерт берген болатын. Жұлдызды үштік осылайша халыққа қарым-қатынастарының жақсы екенін көрсеткісі келген. Алайда соңғы кездері Алтынай мен Айгүлді бірге көрмейтін жұрт бұл жайттан да астар іздей бастады. Даудың нүктесін Иманбаеваның өзі қойды.

“Алтынаймен әріптеспіз. Кезінде жақын аралассақ, олар бірге тұрды ол кезде. Сосын балалар үшін сыйластық. Қазір аралассақ, тек концерттерде ғана. Негізі біз әріптеспіз, мен оны баяғыдан айтатынмын”, – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Сазгер: Заттыбек Көпбосынұлы уәдесін орындамай, телефон тұтқасын да көтермей қашып жүр

Нұрболат Абдуллин ата-анасына тіл тигізген тыңдарманына ұрсып тастады (фото)

Ердос Қанаев жоғалтып алған әйелін 5 жыл дегенде әрең тапқан

Отбасылы Шоқан Маратұлы өзге қызбен көңіл көтеріп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

 

Талқылау