Айгүл Иманбаева: Әр адам өз биігінде өледі
Жастарды табыстыратын отандық бағдарламалардың бірінде Айгүл Иманбаева жаға жыртысқан екі қатысушыны татуластырды. Аталған бағдарламадағы дау көпке дейін созылып, өз шешімін таппай келе жатқан болатын.
Сурет: Айгүл Иманбаеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.
“Қалаулым” бағдарламасының қатысушылары Бақытжан мырза мен Замира ханым өткен бағдарламалардың бірінде ұрысып, жаңа жыртысуға дейін барған болатын. Екі қатысушының арасындағы дауды әнші Айгүл Иманбаева тоқтатып, жұрттың көзінше татуластырды.
“Жалпы мен ұрыс-жанжал шыққан жерде аяқ-қолым селтілдеп, жүрегім аузыма тығылады. Бұл балалық кезде алған психологиялық жарақатыммен байланысты болса керек. Осының барлығы маған бейсаналы деңгейде әсер етеді. Осы жердегі әңгімелеріңізге бола көңіл-күйімнің барлығы өзгеріп отыр. Айқай бар жерден қашуға тырысамын. Бақытжан аға мен Замира тарапынан болмайтын етек-жеңдегі шыққан жанжал. Адамда теңдік, тереңдік болмайынша, ол кісілігін таныта алмайды. Әр адам өзінің биігінде өледі және әр адамның өз биігі бар.
Шымкенттің келіндері күйеуінен таяқ жеп алған соң, “Бәріне өзім кінәлімін. Өзімнің тілімнен таптым” деп айтады. Мен осыны талай келіншектен естідім. Шымкент өңірінде күйеуі көк ала қойдай сабап, өлтіре, тірілте таяқ жейді. Ертесінде бетінің көгергенін жауып отырады. Расымен де, әйел тілінен табады. Сол тілді балға айналдырып, еркелікке салып жіберсе, кез келген ер азамат алақаныңда… Әйелдерде тіл деген жау. Бәленің барлығы осыдан келеді”, – дейді Айгүл Иманбаева.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Рымбаева не себепті шәкірт тәрбиелеуден бас тартқанын ашып айтты
Төреғали бір күнде 5 концерт бергені туралы айтып мақтанды
Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты
Ақбота Керімбекова “күйеуін сатып алған” дегендерге жауап берді