"Әйелсіз ғой, қылық қосыңыз": Ерке Есмахан қыз-келіншектерге кеңес берді
Танымал әнші Ерке Есмахан әйелдер қауымымен сырласып, бірнеше сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі жеке парақшасында сұрақ-жауап жасап, оқырмандарымен тілдесті. Желі қолданушыларының бірі: "Өзіңізді жақсы көруге жаймен келдіңіз бе? Әлде бұрыннан сондайсыз ба?", – деп сұрады.
"Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, кішкентайымнан ерке, лидер болдым. Өз өзін жақсы көруден бірінші орын менікі болар. Қазір күйеуімнің пікірі, балаларымның қалауы бар. Мен тек өзімді жақсы көремін, менің айтқаным болады деп отыра алмаймын. Кейде жеңіліп тұрып жеңуге тура келеді", – деп жауап берді эстрада жұлдызы.
-
"Қатыгездікке жол бермейік": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті ойландырды
-
"Орал жақтан іздеп көр": Ерке Есмахан әріптесі Балжан Бидашқа кеңес берді
Сондай-ақ мегажұлдыз қыздар қауымына қылықты болуға үндеу жасап, ақыл-кеңес айтты.
"Біраз қызға айтарым бар. Өзіңізді де, жақындарыңызды да сүйе тұрып, басқаларды өзіңізге ғашық еткізіп, айналаңызды шыр айналдырып құлатпайсыз ба?! Әйелсіз ғой, қылық қосыңыз. Сол кезде сіз де, олар да риза болады. Тек баланс керек және ішкі сезіміңізге адал болыңыз", – деп жазды әнші.
Еске салайық, өнер иесі кішкентай ұлын сахнаға алып шықпақ ниетті екенін жеткізді.