"Екі рет ауыр қылмыс жасап істі болған": Әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына көміп тастаған ер адам 20 жылға сотталды
Фото: Видеодан скрин
Жетісайда 38 жастағы Айгерім Әжікееваны шөп байлайтын жіппен буындырып, кейін денесін үйінің алдына көміп тастаған Төрехан Ералханов 20 жылға сотталды. Қаскөйдің салқынқандылығын ескерген судья осындай шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сотталушының бұл алғашқы қылмысы емес екені анықталды. Бұған дейін Төрехан Ералханов екі рет бас бостандығынан айырылып, жазаның ешбірін түгел өтемей бостандыққа шыққан.
“Азаматтың үйінде болғаны, яғни қылмыс жасаған жерде, оқиға орнында болған үйде көміп тастағаны ол осындай шешім қабылдауға негіз болды. Қылмысты сағат 8:20-09:00 жасадым деп өз жауабында айтып жатыр. Одан кейін 21:00 шамасында үйіне інісін шақырып лото ойынын ойнатқызғаны өзінің салқынқандылығын көрсетеді”, – дейді Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Дәурен Мадалиев.
Бұған дейін екі рет ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған сотталушы бірінде психикалық ауытқуы бар деген анықтамамен ауруханаға жіберілсе, екіншісінде 10 жылға сотталып, мерзімінен бұрын босатылған.
“Біз 20 жылға келіспейміз. Бұл бір емес, екі емес, үш адам өлтіреді да бұл қалай 20 жылға кетеді? Бұған 20 жыл да аз. ....Қатаң жаза берілсін. Қатаң үкім берілсін. 20 жыл деген үш рет сотталып келген адамға өте аз деп ойлаймын”, – дейді жәбірленуші Жақсыгүл Әжікеева.
Еске салайық, бұған дейін екі ай бұрын жоғалып кеткен Айгерім Әжікееваның денесі қорланған күйі ауласынан табылған еді. Қылмыскер әйелін үйдің артына тыр жалаңаш күйде көміп, үстіне топырақты сеуіп тастаған. Оның үстіне шөп қойып, сол жерге атты байлап қойған.

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясы 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
