Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген": 15 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген кісі өлтіруші ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

2009 жылы павлодарлық ер адам полицияға хабарласып, әйелінің жоғалып кеткенін мәлімдеген. Сөзінше, ол досына кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары басталып, облыстар мен жоғалған адаммен байланыста болған көрші мемлекет нысанаға алынған.

Бір жылдан кейін әйелдің денесі көлден табылды. Геномдық сараптама жоғалған павлодарлық әйелдің жеке басын анықтады. Тергеу адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.



Бірнеше жылдар бойы іс бойынша түрлі шаралар жүргізілгенімен, қылмыстың бетін ашу мүмкін болмаған. Тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауында болған. Биыл Павлодар облысының полицейлері күдіктінің ізіне түскен. Ер адам жанжал кезінде әйелін тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін суға лақтырып жіберген. 

"Ер адамның аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ уақыт түрмеде отырғаны анықталды. Ал 2022 жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол Астанада ұсталды. Қазір қылмыстық іс қайта қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістандық ер адамның балаларын қатігездікпен ұрып-соққаны туралы жазған едік. 

Талқылау