Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелімді ұруға кедергі жасайды": Қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы шықты

Қазақстандық ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды сынап, әйелін ұруға кедергі жасайтынын айтып, наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Қызылорда облысында әйелін медициналық мекемеде соққыға жыққан ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды "әділетсіз" деп атады. 

Желіде тараған видеода Қанағат Құлмашов есімді ер адам аталмыш заңнама әйелдерге басымдық беріп, ерлердің құқығын шектейтінін айтады. 



"Қазақстанда әдемі заң қабылдап қойған, билік әйелдерге берілген. Қазір арақ ішкендерге арналған орындарда тек еркектер, олардың барлығы әйелдердің шағымдарына байланысты зардап шегіп жүр. Үкімет шіріп кеткен заң қабылдады, ол ерлердің жағдайын ескермейді", — дейді ер адам видеода.

Ер адам сондай-ақ ашық түрде әйеліне үнемі қол көтеретінін айтады.

"Әйелімді үнемі ұрамын, үнемі балағаттаймын. Мінез-құлқы, әрекеттері үшін ұрамын. Мен оған ескерту жасап көргенмін, бірақ ол түсінбейді, сол үшін ұрамын" — дейді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында ер адам ауруханада жұмыс істейтін әйелін дәрігерлерден қызғанып, мекеме ішінде ұрып-соққаны туралы жазған едік. 

Талқылау