"Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған": Мұрат Әбділданың адвокаты тың ақпаратты жариялады
Фото: Видеодан скриншот
Екі жыл бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділданың авдокаты тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңгер Молдахан Әділетхан профилактикалық есепте тұрғанына қарамастан блогердің тәртібінің нашар болғанын жасырмады.
“Сәуірдің 10 күні қамалу керек болған. Оған қамалатынын ескерттік. Бірақ ол соттан қашты. Бәріне өзі кінәлі. Қайтадан ішіп кетті”, – деді заңгер.
Желі қолданушылары блогердің әйеліне жаны ашып жатқанын жарыса жазды. Әйелінің көзінше блогерді күштеп алып кеткен полиция қызметкерін сынады. Алайда адвокат тың ақпаратты жариялады.
“Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да алаяқтық бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат “ұрды, соқты” деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, қатыны бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Соңғы уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты”, – деді Молдахан Әділетхан.
Айта кетейік, блогер үшінші рет шаңырақ көтергенін жазған едік.

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
