Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелі бар болып шықты": Трансгендер-блогер Никонет бұрынғы сүйіктісінің өзін алдап келгенін мәлімдеді

Скриншот перепискиФото: https://www.instagram.com/niko_nett?

Трансгендер-блогер Никонет әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы сүйіктісі туралы бар шындықты ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Аслан есімді жігітпен айлап кездескенін айтты. Бірақ бүгінде ол адаммен қарым-қатынаста болғанына, тіпті танысқанына өкінетінін жасырмады.

“Мына адамды ешқашан маңдарыңызға да жолатпаңыздар. Біз онымен Қарағандыда ортақ танысымыз арқылы таныстық. Сол кезде оған нөмерімді беруге келіскеніме қатты өкінемін. Ол жақсы сөйлей алады, әдемі сөздерінің артында түрлі ойындары жасырынған. Мен ем алып жатқанда ол менің жанымда болды. Мен бірнеше рет айрылысқым келді, бірақ ол менің мекенжайымды тауып, есігімнің алдындаа сағаттап отыратын. Аслан, мен ешкімге өзіммен бұлай жасауға рұқсат бермеймін”, – деп жазған ол.

Переписка с бывшимФото: https://www.instagram.com/niko_nett?

Никонет кейінірек бұрынғы сүйіктісінің отбасылы адам екенін білгенін жазды.

“Кейінірек мен тұрған пәтерлер оның ата-анасына тиесілі екенін білдім. Менің иммунитетім төмен, сондықтан қанша рет маған өтірік айтпауын сұрадым. Мен әрдайым ол көзіме шөп салғанда оны сезетінмін. Мен сатқындықты кешірдім, оның махаббат және болашағымыз туралы айтқандарына сендім. Ал кейін оның үйленгенін, әйелімен ажыраспай жүргенін білдім. Менің сол кезде не сезінгенімді білсеңіздер ғой”, – жеп жазды ол.

ПерепискаФото: https://www.instagram.com/niko_nett?

Блогердің айтуынша, бұрынғы сүйікті сырт көзге жақсы адам болып көрінеді, әдемі сөйлейді, бірақ шын мәнінде әрбір сөзі өтірік. Бұған қоса, ол ер адамның өзі туралы өсек таратып, ғайбаттап жүргенін айтады.

“Ол көлікті жалға берумен айналысады, бірақ оның айтқан әрбір сөзі жалған. Сатқындық пен манипуляциясын әдемі сөздермен жабады. Мен ұрысып қалған кезде ол менің визажистіммен танысуға тырысқан, ал келесі күні оған үйленуге сөз берген. Мен болсам, сол уақытта оған деген сезімнен қиналып, оның өзгере алатынына сендім. Әйелімен ажыраспай отырғанына қарамастан, ол мен туралы өсек шығарып, ғайбаттап жатыр. Өз істерің үшін жауап бере алмасаң, қандай еркек болғаның? Мен сенен кетуге, арамыздағы құрметті сақтап отыруға тырыстым”, – дейді ол.

ПерепискаФото: https://www.instagram.com/niko_nett?

Бұл жағдай блогердің денсаулығына теріс әсер еткен.

“Мен осы адамның кесірінен моральды және физикалық түрде айлап емделдім. Бұған дейін ешқашан қарым-қатынасым болған адамдар туралы айтпаған едім, бірақ қазір менің жағдайым басқаша. Себебі ол менің қандай “жаман адам” екенім туралы әлі де айтып жүр. Ал мен оны шын жақсы көріп, сендім ғой. Мен үшін отбасылы адамдар әрдайым табу болды. Бұл туралы оған бірнеше рет ескерткенмін. Мен оған ашылып, балалық шағым, әкеммен қалай қиын болғаны туралы бәрін айтып бергенмін. Бірақ ол да сол адамның ісін қайталады. Жүрегімді жаралады”, – деп жазды ол.

ПерепискаФото: https://www.instagram.com/niko_nett?

Блогер сұлулық салонына қатысуға дайындалып жүргенін, осы оқиғаның кесініне тіпті жүре алмай қалғанын жазды.

“Ол басқа қыздармен кездесіп жүргенде, мен күндерімді жылап өткіздім. Стресспен бірнеше рет жедел-жәрдем шақырдық. Анам жанымда болды, мені күні бойы жұбатты. Мен сұлулық байқауына қатысуым керек еді, бірақ әлсіз болғаным соншалық тіпті жүре алмай қалдым. Мен оған ұнап, таңғалдыру үшін бәрін істедім. Ал ол арманымның алдында мені сатып кетті. Осы жерден нүкте қойғым келеді. Өзіме аяққа тұрып, бір адамның кесірінен барлық ер адамнан алшақтамауды тілеймін. Маған өте көп қыз жазып жатыр және ең қорқыныштысы, олардың алдында 18-19 жастағы жас қыздар да бар. Осыдан кейін ғана қандай адаммен байланыста болғанымды түсініп отырмын. Қыздар, өздеріңізді қорғаңыздар”, – деп жазды блогер.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі блогерді қолдап, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі оның бұл ісі дұрыс болғанын жазып жатыр. 

“Енді онымен тіпті қол ұстасып, амандаспайтын да шығар. Өмірінің күл-талқанын шығарғаныңа жеңілдеп қалдың ба? Осыдан кейін ол өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Сенің қатыгездігіңе талғалып отырмын”, “Ника, адамның үйленіп-үйленбегенін тексеру қиын емес. Менің ойымша, сен шындықты біле тұра, онымен қарым-қатынаста болдың. Бұл әрекетіңмен оның ғана абыройын төкпей, әйелінің жүрегіне пышақ сұқтың”, “Адамдар, сендер неге Никоның барлық сөзіне сеніп отырсыңдар? Асланның орнында кез келген ер адам болуы мүмкін ғой. Бізге нақты факт, дәлел керек”, – деп жазды олар.

Тебе стало легче от того, что с ним, скорее всего, теперь даже за руку не будут здороваться? От того, что ты сломала ему жизнь? Я уже молчу о том, что своим поступком ты могла довести его и до суицида. Самое неприятное во всей этой истории — не то, что Аслан оказался геем (это его право, и какое нам вообще дело до его ориентации), и даже не то, что он, возможно, негодяй, а то, какая ты оказалась жестокая.

Өзін блогердің бұрынғы сүйіктісінің адвоткаты ретінде таныстарған Сәуле (saule_1406) есімді желі қолданушысы бқл ақпаратты жоққа шығарып, Никонеттің үстінен арыз түсірілгенін жазды.

“Барша Nikonet жазылушыларына сәлем!
Мен жағдайды түсіндіргім келеді.
Қазіргі уақытта Nikonet-ке қатысты полицияға арыз жазылды және бұл соңғы қадам емес. Әр адам өз ісі үшін заң алдында жауап беруге тиіс.
Асланды танымай, оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат жазып жүргендердің бәрі біздің тарапымыздан скринделіп, құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Айтпақшы, шағын ескерту – Асланның қазіргі таңда әйелі жоқ, ол ресми түрде ажырасқан. Тіпті ажырасуға дейін де ол онымен бірге тұрмаған”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, трансгендер Никонет жігітімен ажырасып кеткенін мойындаған еді.

Еске салайық,  бұған дейін казиноны жарнамалаған Никонетке қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 10:36
Талқылау