Әйелді телефон қуаттап жатқан кезде найзағай ұрды

Фото: Ru.freepik.com
Алабама штатының тұрғыны Лиза Хендерсон телефонын қуаттап жатқан кезде найзағай ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға әйелдің өз пәтерінде, күн күркіреп жатқанда болған. Лиза Хендерсон төсекте жатып, телефонын қуаттап, әлеуметтік желілерді ақтарып жатқан. Хендерсонның айтуынша, ол алдымен жарқ еткен жарықты көріп, гүрс еткен қатты дыбысты естіген. Содан кейін құлағы шыңылдап кеткен. Кейін қолдары шаншып, ауырып, ауырсыну оң қолы мен иығына дейін тараған.
“Мен телефонды инстинктивті түрде лақтырып жібердім. Егер олай істемегенімде, мені қатты тоқ соғар еді. Өз атымды айтуға тырыстым, бірақ бірден есіме түспеді. Жасымды да бірден еске түсіре алмадым", – дейді Лиза.
Болған жағдайдан кейін әйел ауруханаға жатқызылды. Айтып өткендей, кейін есте сақтауға байланысты қиындықтар туған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген