"Әйелді қамшымен ұруға болады": Баян Мақсатқызы дінтанушыны жауапқа тартуды сұрады
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы белгілі дінтанушыны жауапқа тартуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ризабек Батталұлы әйелдерді жазалау үшін қамшы қолдануға болатынын айтып, бұл сөздерін хадистерге сүйеніп түсіндірді. Ол дін тұрғысынан әйелді ұруға рұқсат барын мәлімдеп, бастысы оның ауыр жарақат салмауы керек екенін атап өтті.
"Қазіргі заманның батыры" әйелді қалай және немен ұру керек екенін үйретіп жатыр. Мен әйелдердің құқығы мен бостандығын тікелей бұзғаны үшін тиісті органдардан бұл адамды жауапқа тартуды талап етемін", – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары дін өкілінің сөзіне қарсы шығып, түрлі пікір жаудырды.
“Саған рұқсатымызды бердік, өзіңнің әйеліңді, қызыңды ұра бер”, “Ұрмақ түгілі өлтіріп те жатыр, жандарың бір рахаттанып қалатын шығар, бір әйел өлсе сендерге керегі сол ғой”, “Сол қамшымен өзіңді ұрса ғой, шіркін! Қатының сенің малың ба? Қамшымен ұратын! Сана сезімің таяз болса, аузыңды бағып сөйлемейсің бе? Тәрбиесіз!”, “Біздің ұлдарды тәрбиелеп отырған мұндай имамдардан құтылу керек. Нағыз қоғамға іріткі салатындар осылар”, “Қорқып емес, сыйласып түсінісіп өмір сүру керек, неге шағыстырып отыр мына кісі”, – деп жазды көпшілік.

4 миллион теңгеден 44 миллионға дейін: Әкімдіктер өңір логотипі бар брендтік өнімдерді алуға қанша теңге жұмсайды
