Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерге ұнау үшін қандай сөздер айту керек

Бүгін Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелдермен кездесіп, қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мейрамымен құттықтады.

1661791

Кездесу барысында елбасы еліміздің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қауымына өнегелі әңгімелер айтып қана қоймай, әзіл-қалжың да айтты.  “Егер әйелге ұнағың келсе, ол сұлу болса, ақылдысың деп айт. Егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, “Қалай арып кеткенсің” деу керек. Дұрыс па? Мен үнемі оларды үйретемін, әйелдермен сөйлесе алмайды”, — деді мемлекет басшысы.

Назарбаев әйелдерге: ер азаматтар ашуланса – сабырға, араздасса – пәтуаға шақыру керек Кездесуде сөз алған әйелдер елбасына алғыстарын жеткізіп, істеп жатқан жұмыстарын, жетістіктерін әңгімеледі. Жас әнші Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады. Ал ауылдық орта мектептің директоры Ирина Седова  Нұрсұлтан Назарбаевқа домбыра сыйлады.

Елбасы сөз соңында Қазақстанның әйелдер қауымын мерекемен тағы да құттықтап, бақ-береке, жақсылық пен табыс тіледі.

Айта кетейік, мереке қарсаңындағы дәстүрлі кездесуге Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиада-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, “Жас Атамекен” жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, “Тенгизшевройл” ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мұкашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева,  журналист Венера Мирланқызы қатысты.

Жіберіп алмаңыз:

Президент әйелдерге баланы данышпан етіп тәрбиелеудің құпиясын ашты (фото)

Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды

Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Ата заңмен бекітілді

Талқылау