Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерге тек күйеуінің және жақын адамдарының алдында ғана макияж жасауға рұқсат етіледі – ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) исламдағы макияжға көзқарас туралы түсіндірді. Әйелдерге косметиканы тек күйеулері мен жақын туыстарының алдында ғана қолдануға рұқсат етілгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Шариғат заңы көпшілік алдына боянып, тіпті жеңіл тоналды креммен немесе тушьпен шығуға тыйым салады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әйелдерге, қыздарға шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне, боянуына рұқсат етілгенін мәлімдеді.

”Әйелдерге сүрмеге рұқсат етілгендей, макияж т.б. бояғыш заттармен боянуларына болады. Алайда күйеуінің және махрамдарының (жақын адамдарының) алдында боянуына ғана рұқсат. Бұлардан басқа бөгде адамдардың алдында жұқартып немесе қалыңдатып болса да боянуға болмайды”, – деп мәлімдеді ҚМДБ. 

Сонымен қатар, күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелге идда мерзімінде сүрме жағуға, боянуға, иіс су себінуге болмайды.

Оған қоса косметиканың зиян болмауы және ысырапқа жол берілмеуі де маңызды.

"Әдептілік шеңберінен шықпауы әрі қалыптасқан әдеп-ғұрыпқа қайшы келмеуі керек. Бояғыш заттардың құрамында нәжіс, харам, су өткізбейтін нәрселер болмауы тиіс. Өйткені ғұламалар дәретте жуылуы тиіс болған ағзаларға және ғұсылда бүкіл денеге су жеткізу керектігіне бірауыздан келіскен”, – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы православ христиандарының Крещение мерекесіне мұсылмандардың қатыспағаны дұрыс деді. Ислам дінінде бұл күнәлі әрекет болып саналады.

Талқылау