Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“Әйелдерді өлтіріп, денелерін көшеге тастаған”: Өскеменде маньяк туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Өскеменде "маньяк пайда болды" деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Үk-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

13 тамыз күні Турист автобазасының ауданындағы саяжайлардың бірінде шамамен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылған. Осыдан кейін қалада маньяк пайда болды деген ақпарат тараған.

Желіде соңғы бірнеше күнде бір-біріне ұқсайтын бірнеше жағдай анықталғаны туралы ақпарат тарады. Көз жұмғандардың барлығы – әйелдер. Олардың денесі көше бойынан табылған.

"Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларына бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында баланың денесін әлдекімдер үтікпен күйдіргені туралы жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Тамыз, 2024 19:29
Талқылау