Әйелдер бизнесі басты назарда: Нұрбанк қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр

Бүгінде Қазақстандағы әйелдер бизнесі жай ғана тұрақты тренд емес, экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторларының біріне айналды. 2025 жылдың желтоқсан айындағы ресми статистикаға сәйкес, елде шағын және орта бизнеске (ШОБ) жетекшілік ететін 1 миллионнан астам әйел тіркелген. Бұл көрсеткіш ШОБ субъектілерінің жалпы санының 48,1%-ы. Аталған деректер әйелдердің Қазақстанның кәсіпкерлік ортасын дамытуда жүйе құраушы рөл атқаратынын айқын көрсетеді.
Кәсіпкер әйелдердің ең жоғары шоғырлануы сауда саласына тиесілі. Оның ішінде онлайн-форматтағы сауда мен маркетплейстер де бар. Сонымен қатар қызмет көрсету саласы яғни, тұрмыстық және білім беру қызметтерінен бастап медициналық қызметтерге дейін, сұлулық индустриясы, әлеуметтік кәсіпкерлік пен креативті бағыттар да кеңінен дамыған. Дәл осы салалар ішкі сұраныстың елеулі бөлігін қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді және өңірлердің тұрақты дамуына серпін береді.
Әйелдер бизнесінің стратегиялық маңызын ескере отырып, Нұрбанк кәсіпкер әйелдердің қаржы құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге және бизнес жүргізу үшін барынша икемді әрі тиімді жағдай жасауға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Кәсіпкер әйелдерге арналған депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелер
2026 жылдың 1 мамырына дейін Нұрбанк кәсіпкер әйелдерге қосымша қолдау шарасын ұсынады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жаңадан ашылатын, мерзімі 12 айға дейінгі жекелеген депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне 2%-ға дейін қосымша үстеме қарастырылған.
Бұл шара уақытша бос қаражатты тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар құбылмалы экономикалық жағдайда аса маңызды қаржылық қауіпсіздік жастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
“Бизнес Ханым” бағдарламасы: Бизнесті дамытуға қолжетімді қаржыландыру
Нұрбанктің өнімдер желісінде әйелдер бизнесінің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген "Бизнес Ханым" несиелеу бағдарламасы ерекше орын алады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпкер әйелдерге бағытталған және айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға, сондай-ақ қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға қаржы ұсынады. Негізгі артықшылықтарының бірі – тартымды сыйақы мөлшерлемесі.
"БИЗНЕС ХАНЫМ" бағдарламасының негізгі шарттары
Бағдарламаға қатысушылар:
- микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.
Несие сомасы:
- 100 миллион теңгеге дейін.
Қамтамасыз ету талаптары:
- кемінде 50% – жылжымайтын мүлік;
- 50%-дан аспайтын бөлігі – жылжымалы мүлік;
- жинақ шотына орналастырылған ақшалай қаражат кепілі;
- кепіл жеткіліксіз болған жағдайда “Даму” қорының кепілдігі.
Клиенттерді сегменттеу
Бағдарлама жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға нысанында жұмыс істейтін кәсіпкер әйелдерге арналған. Қатысу үшін төмендегі талаптардың кемінде бірі сақталуы тиіс:
- ЖШС жарғылық капиталындағы әйелдердің үлесі – кемінде 51%;
- АҚ-ның дауыс беруші акцияларының кемінде 51%-ы әйелге (әйелдерге) тиесілі болуы;
- әйел заңды тұлғаның бірінші басшысы ретінде кемінде бір жыл қызмет атқаруы.
Бағдарламаның ерекшеліктері:
- кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын төмендетілген талаптар;
- сыйақы мөлшерлемесінің төмендігі;
- бизнестің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған икемді шарттар.
“Бизнес Ханым” бағдарламасы Нұрбанктің әйелдер бизнесін тұрақты, әлеуметтік маңызды әрі болашағы бар экономикалық сегмент ретінде дамытуға деген стратегиялық көзқарасын көрсетеді. Әйелдерді бизнесте қолдау тек жеке жобаларға ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық дамуына салынатын инвестиция.
Нұрбанк кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастырып, бизнестің нақты қажеттіліктерін ескеретін және оның дамуына ықпал ететін қаржылық жағдайларды жасайды.
"Әйелдер бизнесі статистикалық деректерден ғана тұрмайды. Бұл – жаңа бастауларға батылдық, команда мен отбасы алдындағы жауапкершілік, ең күрделі жағдайларда да мүмкіндік таба білу қабілеті. Бүгінде әйелдер елдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жартысына жуығын қамтиды және әрбір санның артында еңбек, табандылық пен өз ісіне сенімге толы нақты тарих жатыр. Нұрбанк әйелдерді бизнесте қолдау Қазақстан экономикасының тұрақты болашағына салынатын инвестиция екеніне сенеді. Сондықтан біз кәсіпкер әйелдерге сенімділік, еркіндік және өсудің жаңа мүмкіндіктерін беретін қаржылық шешімдер ұсынамыз. "Бизнес Ханым" бағдарламасы аясында берілетін депозиттер бойынша жоғары сыйақы мөлшерлемелері мен несие бойынша төмендетілген мөлшерлеме – бұл әйелдерге негізделген мықты, бәсекеге қабілетті және тұрақты бизнестің дамуына біздің қосқан үлесіміз", – деді Нұрбанк Басқарма Төрағасы Гүлнар Мұсатаева.
"Нұрбанк" АҚ Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.15/193 лицензия негізінде қызмет атқарады
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген