Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел зорлады деп айыпталған Майкл Маклеод астаналық "Барыс" хоккей командасымен келісімшартқа отырды

Сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған канадалық хоккейші Майкл Маклеод астаналық "Барыс" хоккей командасымен бір маусымдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: hcbarys.kz

“Барыс” хоккей командасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  бұрын Нью-Джерси Девилс клубының құрамында ҰХЛ-да ойнаған 26 жастағы Маклеодпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 

Келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.


Желіде Париж Олимпиадасына қатысып, "киллер" атанып кеткен 51 жастағы спортшы танымалдылығы туралы сыр шертті


26 жастағы шабуылшы Ұлттық хоккей лигасында 300-ге жуық матч өткізді. Өткен маусымда "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Астаналық клуб 68 матчта 50 ұпай жинап, соққан голдары бойынша (137) лигадағы ең нашар екінші командаға айналды, Мәскеу түбіндегі "Витязьді" ғана (133) басып озды.

Майкл 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін Лондон қонақүйінде әйелді зорлады деп айыпталған Канаданың жасөспірімдер хоккей командасының бұрынғы бес мүшесінің бірі.

Еске салсақ, бұған дейін италиялық әйел-боксшы трансгендермен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты. Алайда алжирлік спортшы Иман Хелифтің әкесі оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді.

Талқылау