Әйел үш баласының көзінше көлік ішінде босанып қалды
Американың Невада штатының тұрғыны ауруханада бара жатып босанып қалды.

Әйелдің 10 жастағы баласы анасының босанған сәтін видеоға түсіріп алды.
24 мамыр күні Майк Энтони Аддисон әйелі Руди Нейпирді перзентханаға апарады. Жол бойында ұлынан көріністі видеоға түсіріп алуын сұрайды. Бір кезде әйелі босанатынын айтады.
Әйелінің шын босануға шақ қалғанын түсінген әкесі камераға қарап "салем, Джоли, біз сенің өмірге келуіңді күтіп тұрмыз" деді. Осыдан соң әкесі көліктің артқы орнындағы ұлы мен қызына сөз берді.
Нейпер мен жаңа туған сәби ауруханаға жеткізілді. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Мен көліктің алдында отырып әртүрлі нәрселер жасағам. Бірақ балаларымның көзінше әйелімді босандырып көрмеппін", - дейді күйеуі.
Видео желіде көп тарап, көптеген пікір жазылды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты