Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен улы жарманың кесірінен бармағынан айырылды

Америкалық қыз орта ғасырларда көптеген эпидемиялар тудырған ауруды жұқтырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unilad.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Unilad.com

24 жастағы бойжеткеннің жамбасынан башпайына дейін аяғы ашып ауырған, бірақ ол емханаға екі күннен кейін ғана барыпты.

Қыздың аяғы күңгірттеніп, салқын болып тұрды. Дәрігерлер тізеасты және табанның артерияларының пульсін таппаған.

Томографиядан оның тамырларының тарылғаны мәлім болды. Оған қан сұйылтқыш дәрі берілді, содан кейін ауырсыну айтарлықтай төмендеді. Алайда гангрена аяқтың бір бармағын зақымдап, оны кесуге тура келді.

Осылайша қызға эрготизм диагнозы қойылды, бұл – саңырауқұлақ токсикозы. Яғни лас жармалардан ұнға түсетін эргот алкалоидтарымен уланып қалған.

Мұндай ауру конвульсияларды, галлюцинацияларды және гангрена тудырады. Орта ғасырларда адамдар бұл жын-шайтандардың әсерінен деп есептеген.



945 жылдан бері Еуропаның әртүрлі бөліктерінде 83-ке жуық эрготизм індеті тіркелген.1778 жылы Францияда бұл саңырауқұлақ 8000-нан астам адамның өмірін қиған індет тудырды.

Ауыл шаруашылығының дамуының арқасында эрготизм эпидемиялары азайды. Бірақ оқшауланған эпидемиялар XX ғасырға дейін байқалды. 

Талқылау