Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы түрмеде сотталушы әйел зорланған: Кейін ол бала босанды

Белгілі адвокат Айман Умарова желідегі парақшасында Алматы облыстық соты аппелляциялық инстанциядан кейін түрмеде зорланған сотталушы Наргиз Амраева қатысты сот ісіне нүкте қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

"Зорланған сотталушы Амраева Наргиз сотталған ер адамнан, яғни солардың бірінен бала туды. Өйткені, оның сөзіне қарағанда, Алматы облысы Ұйғыр ауданы уақытша ұстау изоляторының Нұрик есімді бақылаушысы есік ашып, сотталғандардың біріне қызды зорлауға рұқсат берген", – деп жазды Айман Умарова желідегі парақшасында. 

Қорғаушының айтуынша, Наргиз мекеме әкімшілігіне шағымданған кезде, Б есімді қызметкерлердің бірі оны зорлаған. 

"Ал басқа қызметкерлер, оның ішінде бастық пен тағы бір қызметкер әйел зорлық-зомбылық фактісін жасырған. Амраева Наргиздің барлық өтініштері құқық қорғау органдарына жолданбаған. Осылайша, ол бұдан кейін бала туған", – деді Айман Умарова.

Қылмыстық тергеуді Алматы облысының прокуроры жүргізді дейді адвокат. Оның құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері және істі біржақты қарап, үстіртін жүргізген прокурор Ғалымжан Сәрсенов бар.

Соңында Ғалымжан Сәрсенов сотталған Наргиз Амраева қатысты заңсыз әрекеттер жасаған тұлғаларды жауапкершіліктен алып тастап, қылмыстық істі тоқтатып қойған.

"Прокурор әйелді түрмеде жазасын өтеп жатыр (Жауғашты кентіндегі мекемеде) деп есептеп, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны маған және жәбірленушіге беруден, іс жүзінде бас тартты. Оның айтуынша, сотталушы Наргиздің адвокатқа ақшасы жоқ, сондықтан іс материалдары тоқтатылған көрінеді", – деді адвокат Айман Умарова.

Адвокат №10 мекеме қызметкерлерінің Наргизге қалай қысым жасап жатқанын айтты.



"Алматы облысы, Қонаев қаласының тергеу сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 106-бабы бойынша шағым түсірдік. Судья Естай А. істі объективті, заңды түрде зерттеп, менің барлық уәждерімді мұқият тыңдады. Барлық өтінішімді қанағаттандырып, сотталған Наргиз Амраеваны зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы прокурор Ғалымжан Сәрсеновтың қаулысының күшін жойып, арызымды толығымен қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Бұған қоса судья Алматы облысының прокуратурасына қатысты жеке қаулы шығарды", – деп түсіндірді қорғаушы.

Адвокаттың сөзінше, судья А.Естайдың шешімімен (ұйғарым түріндегі) келіспеген прокуратура апелляциялық сатыға жеке өтінішпен жүгінген.

"Бүгін Алматы облыстық сотының судьясы Рахметолла (аты-жөні есімде жоқ) қаулы шығарды (қаулы түріндегі): ол прокуратураның жеке өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, сот шешімін қалдырды. Бірінші сатыдағы сот өзгеріссіз қалдырылды. Жақын арада істің егжей-тегжейі туралы тікелей эфирде көрсетіледі. Онда мен апелляцияның анық-қанығын айтып, істің өзін ашамын. Сіз бұл істі өз жұмысыңызда пайдалана аласыз, сонымен қатар қоғамнан оқшауланған жәбірленушілердің мүдделерін білдіру ерекшеліктерімен танысасыз", – деп түйіндеді адвокат Айман Умарова.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған 39 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. 

Талқылау